Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытай оқулықтарына да енген болатын.
Атақты әнші Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді, деп жазады "Еуразия" бірінші арнасы.
Әншіге қатысты тапсырмалар 10-сыныптың қазақ тілі пәні оқулығында пайда болған. Кітаптың 25 бетіндегі алтыншы тапсырма. Бұл оқулықтар мектепке бір айдан бұрын әкелінген екен.
Мұғалімдердің айтуынша, Димаш туралы ақпарат оларды қатты қуантқан.
"Өте қатты қуандық, себебі заманауи адам ретінде мысал таба алмайтынбыз. Димаш - біздің оқушыларымыз, өсіп келе жатқан ұрпақ үлгі тұтатын адам", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі АСЫЛ АБЕЛЬДИНОВА.
Мектеп оқушылары да өздерін Димаш сияқты кітап бетінен көргілері келетінін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытай оқулықтарына енген болатын.