«Қазаққа тиісетін сен кімсің?!»: Өнер өкілдері Тигран Кеосаянға қарсы пікір айтты

0
2 731

«Халқыма тиіспей тыныш жүр!»


«Қазаққа тиісетін сен кімсің?!»: Өнер өкілдері Тигран Кеосаянға қарсы пікір айтты

Ресейлік тележурналист Тигран Кеосаян Қазақстанды қорлайтын сөздер айтып, желіге жариялады. Оның бұл әрекеті қазақ елінің намысына тиді. Белгілі кино актері, режиссер Досхан Жолжақсынов Тигран Кеосаянның қорлайтын, объективті емес сөздеріне қатысты арнайы видеоүндеу жасады. Қазақстанның халық әртісі ресейлік тележурналиске «Менің халқыма тиіспей тыныш жүр! Мойныңа көп алып қойыпсың. Сен Ресей емессің. Ұлы Ресей сен сияқты жағымпаздың жағымпаздығына мұқтаж емес» деп өткір қарсы пікірін айтты.



Театр және кинорежиссері, кинодрамматург Талғат Теменов те үнсіз отыра алмады.

«Тоқта, Кеосаян! Менің халқым туралы солай жазатын сіз кім едіңіз? Адамдардың жасаушылар және бұзушылар болып екі санатқа бөлінетіні туралы тұжырым бар. Мен сізді бұзушыларға жатқызамын! Кеосаян мырза, Сізге қазақстандықтарды оқытуға және бізге қоқан-лоққы көрсетуге кім құқық берді?! ҰОС кезінде майдан даласында кеудесін оққа тосып, бауырлас елдерге соңғы нанын бөліп берген, бауырына басқан кім еді?! Көптеген көрші халықтардың досы да қазақ халқы емес пе еді?! Біздің елімізде парадтар өте ме, жоқ па, сіздің шаруаңыз қанша? Жеңіс күні өзге де бауырлас елдердегідей әрбір қазақстандық үшін де ұлы мереке! Мен үшін де, соның ішінде әкем екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, екінші топтағы мүгедек болып оралған әкем үшін де. ғандықтан. Соғыстың не екенін бізден артық ешкім білмейді! Сіз қазір "соғыс жүріп жатыр" деп айтасыз, бірақ іс жүзінде әскери операция жүргізілуде. Мұны Ресей президенті Владимир Владимирович Путин де айтты. Сіз соғыс жүріп жатыр деп айқайлайсыз, сол сөздің жазасынан қорықпайсыз ба? Бұл үшін жаза тағайындалады. Мен Ресей мен НАТО арасында соғыс жүріп жатқанын естіген жоқпын. Мұндай дүниелерді айту арқылы мойныңызға көп алып қойған жоқсыз ба?! Көптеген орыс және армян режиссерлерімен бірге оқып, бірге жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым. Бірақ дәл сіз сияқты екіжүзді жағымпазды бірінгі рет көріп тұрмын. Тоқта, Кеосаян! Түсірілді! Енді жоғал да, күлге айнал!» - деді атақты режиссер.



Бұдан өзге танымал тележурналист, қоғам белсендісі Арман Шораев та Тигран Кеосаянға қатысты мәлімдемесін жасады. Оған қарсы өктем сөйлеп тастады.Тигран сияқтылардың психологиялық ауруы қиын емделетінін айтты.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаян Қазақстанға кіргізілмейтін адамдардың тізіміне енетінін мәлімдеді. « Мүмкін, оның мәлімдемесі Ресей қоғамы мен саяси истеблишменттің белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсететін шығар. Бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді және стратегиялық серіктестігімізге қарсыларға қолайлы болмақ. Ол Қазақстанға келуі құпталмайтын адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын", - деп жазды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.