Қазақстандағы танымал актер Джеки Чанмен құшақтасқан видеосын жариялады (ВИДЕО)

0
140

​Аты аңызға айналған Джеки Чанның елімізге келіп-келмегені белгісіз.


Қазақстандағы танымал актер Джеки Чанмен құшақтасқан видеосын жариялады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық актер актер Рүстем Омаров әлемдік киноиндустрияның аңызға айналған жұлдызы Джеки Чанмен құшақтасқан видеосын жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Аңыз адамды кездестірдім», - деп жазған актер видеосында.

Өнер иесіне оқырмандары қолдау білдіріп, игі тілектерін қалдырған.

«Жолың болған екен. Енді Қытайда фильм түсіресің бе? Екі аңыз қосылыпты», - деп жазды олар.

Джеки Чан – жаһандық киноиндустрияда есімі алтын әріппен жазылған қытай актері. Ол тек актер ғана емес, сонымен қатар кәсіби каскадер, режиссер, продюсер әрі әнші ретінде де танымал. Жауынгерлік өнер мен комедиялық элементтерді біріктірген ерекше стилімен ол көрермендердің жүрегін жаулап алды. Осыған дейін актер Димаш Құдайбергенмен бірнеше мәрте кездескен еді.