«Көйлегі бәрін құртып тұр» : Желі арқылы жұлдыз болған сылақшы қыз кәсіби сахнаға шықты

0
7 131

«Ақ көйлек, қызыл бешпентпен шығарғанда әніне сай келер еді»


«Көйлегі бәрін құртып тұр» : Желі арқылы жұлдыз болған сылақшы қыз кәсіби сахнаға шықты

Бүгінде әрбір секунд сайын танымалдылығы артып, тұтас елге әйгілі болып жатқан Дана, шын есімі Гүлмайдан есімді сылақшы қыз алғаш рет кәсіби өнер сахнасына шықты. Бұл туралы белгілі продюсер Жан Мұқанов өз парақшасында бөлісті.

«Ғаламтор мен әлеуметтік желі қолданушыларының күші мен пәрменділігі қандай, ә?! Шамамен үш күндей бұрын желіде ән салған сылақшы қыздың видеосы пайда болды, содан соң менің құрметті оқырмандарым ол видеоларды маған жібере бастады.

Мен көп ойланбастан сторизіме осы қыздың байланыс нөмірлерін табуға көмектесуді өтініп жаздым. Сонымен қатар Дәулетке @dauletten де жаздым, ол бірден жауап жазып, қыздың нөмірін берді.
Ал қалғанын өз ісінің мамандарына тапсырдым:

Баголя тректі жазды. @bagym_m
Мира образға жұмыс істеді. @mira_bergen
Ильяс нөмірді сахналады. @ilias_imatum
Нәтижесі, міне!


Жаңа жыл түні бұл Дана деген сүйкімді қыз еліміздің танымал эстрада жұлдыздарымен тең дәрежеде бір сахнада ән салатын болады. Түсірілімді 31 желтоқсанда 31 арнадан тамашалай аласыздар.


Осы талантты қолдап, осынша қысқа мерзімде әншінің арманын орындауға, кәсіби үлкен сахнаға алғаш рет шығуына көмектескен баршаңызға алғысым мол!

Осының барлығы үшін бұл өмірді сүйемін және алғыс айтамын!» - деп жазды Жан Мұқанов.



Ал әнші Дананың өзі инстаграмда жеке парақшасын ашып, сол жерге өзі туралы мағлұматтарды, видеоларын жүктей бастады. Ол өз жазбаларында «Өмір қызықтарға толы екен. Кеше ғана «тұншықтырып», «жасырып» жүрген арманымның елге танымал боларын білмеппін», «Құдды бір түсімдей. Кім ойлаған қазір мені дәл осылай халық қолдап, жақсы көреді деп?! Халықтың ыстық ықыласына бөленемін деп?!», «Әртүрлі жобаларға сұхбат беріп, теледидардан көрінемін деп?!» - деп ағынан жарылуда.

Өз кезегінде сылақшы қыздың оқырмандары жылы лебіздерін айтып, тіпті кейбірі өлең де арнапты. «Жүректегі шығып жатыр жыр қайдан, Дауысымен құтқаратын түрлі ойдан. Дана болып бар қазаққа танылып, Желі арқылы жұлдыз болған Гүлмайдан» - депті бір желі қолданушысы.

Ал алғаш рет сахнаға шығып, өнер көрсеткендегі видеосына қатысты «Бәрі тамаша, тек көйлегі құртып тұр», «Көйлегінен бәрі көрініп қалыпты» деген сыңайдағы комментарийлердің көп екенін байқауға болады.