"Көз алдыма әжім түсті, мама": Танымал актриса бақилық болған анасы туралы жазбасымен жұртты жылатты

0
4 933

ГҮЛШАРАТ ЖҰБАЕВА "КЕЛІН" ФИЛЬМІНДЕ БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАҒАН ЕДІ.


Бір кездері талай сынға іліксе де, өзінің табандылығымен өмір мен өнерден өз орнын қалыптастырған Гүлшарат Жұбаеваны көпшілік жақсы көреді. Оның шығармашылықтан өзге, кәсіптері көптеген адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Өткен жылы анасынан айырылған актриса ол туралы жүрек жарды жазбасымен оқырмандарының жүрегін босатты.

"Білесіз бе? Анам кеткелі өмірді қаз қалпында, шынайы болмасымен қабылдауды үйрендім. Мұндай шешімге келуіме түрткі болған анамның жылдар бойы маңдайға жазғанына өкіну, тағдырға мойынсынбауын көргендімнен болар мүмкін? Оны тек басынан өткен адам ғана түсінер бәлкім. Бірақ кейде бір кісілер мен сенің орыңда болсам өйтпес едім, мен былай істер едім деп көлігірсейді. Орыстар айтқандай Не дай бог сол жағдай басыңызға түсіп жүрмесін сол кезде өзіңіз не істейтініңізді шешерсіз. Айтқаныңыз айдай келіп, сол таңдаудың алдында өзіңіз тұрмасыңызға ешкім кепіл бермейді. Анамның бір сөзі бар еді. Сен сонша өзіңе сенімдісің -НЕМЕНЕ ҚҰДАЙМЕН КЕЛІСКЕН ДОГОВОРЫҢ БАР МА? дейтін
Қазаға келгенде сынап мінеп, жараны тырнап, оған тұз сеуіп, жаңалаудың түкке қажеті жоғау осы. Әлде менің бас көтермей қалғаным сіз үшін өте маңызды ма?
Ал мен олай жасай алмаймын. Менің әр бір күнім мереке болу керек! Әр бір күнім мәнді де, сәнді өтуі керек! Мен ең керемет ана, ең керемет жар және ең керемет келін болуым керек! Марқұм анам өткен жылы дәл осындай кезде жүрегі жарылардай қуанып жүр еді. 26 қаңтар күні сіңлім ұлды болды, 28 қаңтар күні мен ұлды болдым. Сол кезде мамам жер көкке симай, аспанға төбесі бір елі жетпей қуанып еді қәйтейін. Екеумізде жұмысбастығымыздан мен хабарлассам ол босамай, ол хабарласса мен босамай сөйлесуге уақыт таппай жүретінбіз.
Шынын айтсам анамызды кетті дегенге әлі сенбеймін. Сол бір сөйлесуге уақыт таппай жүрген кездегіндей сеземін. Санаторияда дем алып жүргендей, іс сапарға кеткендей босағанда өзі хабарласардай көңілім тоқ жүремін. Мүмкін ұядан ерте ұшқанымнан болар. Өмірден барлық адам кетеді. Ешкім дүниенің тұтқасын ұстап тұрмайды. Шындыққа тік қарауды үйрендім. Мен жыласам мамам жылама көзіңнің айналасына әжім түседі, салқынқанды бол, мен қайғыдан ештеңе таппадым дейтін. Сонда да, көз алдыма әжім түсті мама. Жыламау мүмкін емес.
Тағы бір ой түйдім. Ол еңбегіңнің рахатын уақытында көру керек екен. Ол отбасыңмен дем алғаның, бақытты сәттерің, өзіңе уақыт бөлгенің, шетел аралағаның. Ешқандай дүниені өзіңмен бірге алып кетпейсің өзіңмен алып кетер дүние тек сенің бақытты сәттерің екен. Сол бақытты сәттеріміз көп болсын".

Актрисаның бұл жазбасын оқыған оқырмандары оған деген ізгі ниеттерін бір пікірге сыйдыра алмауда. Олар "Сіңлім Гүлшарат, өте дұрыс айтуың, у жаным деп айналып қоямын сені,күн сайын парақшаңды көрген сайын, сені мүлде көрмесемде, таныс болмасақта, мінезіңмен, ақыл парасытыңмен, еңбекқорлығыңмен өзіме қатты ұнайсың, қазақ қыздары сендей болса екен деймін... Аман жүр сіңлім, дұрыс айтасың тірі адам тіршілігін жасайды деп айтадығой. Анаңның дәм тұзы таусылып, өмірмен қоштасатын кезі келді, ол өмір.. Анамыз кетті, болды, өмір бойы қара жамылу керек емесқо әрине, сендердің жадырағандарың, сендердің денелеріңді тік ұстағандарың ұнамайды деймісің аналарыңызға,... Әр күнің мәнді, сәнді болсын сіңлім, балапандарыңның қызығын көруге жазсын Алла... Аналарың кеткенімен сендей қыз өсіріп, тәрбиелепті, тіл көзден сақтасын тек. Демек ол өлген жоқ, артвнан үлкен қазына қалдырды. Биыл өзімнің әкем өмірден озды, әкемніғ өлімі маған үлкен дағдарыс әкелді, көп жайттарды түсіндім, ойымда шешілмей жүрген сан жұмбақ тың шешімін тапқандаймын. Әкемді түсінбеген жерлерімді терең ұғынып, бір мезетте есейіп, қартайып кеткендей болдым... Миыңды ашытып жібердімбе? Солай сіңлім... Бұл өмір..." және "Өте дұрыс айтасыз. Мен де анам кеткелі қатты қиналдым , оны ешкім білмейді, түсінбейді. Анам өзінен аяп бәрін жинап бізге бергісі кеп тұратын, одан немерелерінен мүлдем ештеңе аямайтын, туған туысқандардың көңілінен шығуға тырысып барлығын ойлап жүретін. Соның барлығын көріп анам одан да өзін көбірек ойлағанда ғой деп өкінемін. Мен кәзір сөйлеспейтін адаммен сөйлеспеймін, ел айтады жұрт не дейді деп бас ауыртпаймын. Ұнаған затымды аламын. Себебі Аллах тың берген ғұмырын өзім қалағандай өткізгім келеді. Аналарымыздың жатқан жерлері жарық болсын" деген сынды адал ниеттерін жарыса жазуда.