«Күн нұрынан жаралған күйеуің үшін не істемейсің?!» : Алтынай Жорабаева жолдасының мінезін сипаттап берді

0
4 351

«Маған бөпе сияқты қарайды»


«Күн нұрынан жаралған күйеуің үшін не істемейсің?!» : Алтынай Жорабаева жолдасының мінезін сипаттап берді

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі эстрада әншісі Алтынай Жорабаева екінші күйеуі туралы инстаграмда, күн сайынғы салған сториздерінде жиі айтады. Жақында әнші жолдасы Алиштің жаңа жұмыс орны @alanyahomes.kz кеңсесіне тәттіден шашу шашып барды.


Сондағы эфирінде Алтынай Жорабаеваның әңгімесі күйеуі және оның жұмысы жайлы болды.

«Ол менің эфирлерімді жібермей қарайды.

–Не үшін қарайсың? - десем,

–Маған қызық, - дейді.

Таныстарым мені «Сен шіли күйгелексің» десе, ал Алиш менен өткен күйгелек. Бір сөзбен айтсам, ол – неміс. Бір жұмысты қолына алса, үтір-нүктесіне дейін ыждаһаттылықпен істейді. Мысалы, мына кеңседе бәрі өте тиянақты жасалған. Тіпті, қызметкерлердің ас ішетін ас үйіне дейін», - деп әнші күйеуін көтермелеп тастады.


Кеңсе ішін тікелей эфирде көрсеткен әнші екінші қабатқа көтерілді.


Баспалдақпен түсетін кезде «Абайлап түс!» деген күйеуіне қарата: «Маған бөпе сияқты қарайды. Үйден шықсам да, көлікке мінсем де, ұдайы мені ойлап, сақтандырып жүреді. Өзі ұялшақ, істің адамы. Қанша шаршаса да, ашуын далаға тастап, табалдырықтан күліп кіреді. Бірақ та мына жақта таудай тірліктер тындырып жүреді. Әлхамдулиллаһ деп айтайыншы. Ашуланбайды, жұмысындағы ашуын үйге кіргізбейді. Нағыз еркек менің Алишім сияқты болуы керек!» - деді Алтынай ханым.



Сонымен бірге А.Жорабаеваның жолдасы еттің майлы жерін жемейтін көрінеді. Бұл туралы әнші сторизінде «Күн нұрынан жаралған күйеуім үшін еттің майларын сылып тастап, тек қара кесегін қалдырып отырмыз. Майлы етті фарш қыламыз. Күйеуің үшін не істемейсің, өйткені, күйеуім де мен үшін бәрін істейді» - деп айтты.