“Мейрамбек мас сияқты ма?» : Әнші Беспаев «Оригиналға» батасын берді

0
7 354

«Аттан түспе, палуан, аттан түспе!»


“Мейрамбек мас сияқты ма?» : Әнші Беспаев «Оригиналға» батасын берді

Әнші Ғазизхан Шекербеков Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында елге көкпар жасап, той беріпті. Бұл туралы өнердегі әріптесі Әбдіжаппар Әлқожа парақшасында жазды.


«Дәстүрлі,
Дүбірлі той болды!
Өнердің оғланы!
@gazizkhan дай алғыр азаматымыз елге шашып той берді.
Қалың қазақтың бәрі осында.
@m_besbaev ағам арнайы атты алдыртып ақ тілегін айтып,
Оригиналыма батасын беріп елдің ортасында ерекше еркеледі.
Ағаларымыз аман болсын!
Қазақ елі әрқашан той көрсін!
Көкпардың келесі Эстафетасын өзіме алдым.
Көктемге жетіп той көресіздер, бұйыртса
», - деп жазды Ә.Әлқожа.


Әбдіжаппар айтқандай, қазақтың Мейрамбегі ел ортасында еркелеп, шабандоз інісінің жүйрігіне ақ батасын берді.



«Құдай бере салған Әбдіжаппар! Өнердің де, өмірдің бәйгесінде атың шаба берсін! Сен үшін қуана берейік! Жандарым, аман болыңдар!» деді Мейрамбек Беспаев.

Ал желідегі оқырмандар «Мәкең нормалны тұр ғо», «Мәкең че то көңілді ғо», «Айтқан тілектері періштелердің құлағына шалынсын. Біз де соны тілейміз ағау!», «Мәкең мас сияқты ма? Сөзі басқаша» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.