Оқырман: "Тамара, сен қуасың ғой. Әртүрлі өмірбаян оттайсың"
Халықтың сүйікті әншісі Тамара Асар желіде қисынсыз пікір айтқан оқырманына ренжіген сыңайлы. Өзінің тағдырымын ел ішінде "Батыр қыз" атанып кеткен салмақты Тамара бұл жолы оқырманының пікірін желіде бөлісіп, төмендегідей жазба қалдырған.
Тамара Асар: "Менің жүрген жолдарыммен сіз жүріп көрсеңіз, сынақтармен сіз сыналып көрсеңіз,мүмкін сынып кетерсіз,мүмкін мен сияқты арман-мұратқа жетерсіз???!!!... Шіркін кім біледі... (ойлы оқырманның арасынан, осындай қисынсыз қисық ойлы комменттермен бөлісіп отырайын, ән өнеріне жақын екен бұл кісі, мүмкін подписчик жинауға көмегім тиіп қалар) ПЕНДЕМІЗ ҒОЙ... "
Бұл жазбаны оқыған әншінің жанкүйерлері мұндай сөздерге мән бермеу керектігін айтып, Тамара Асарға сабырлық тіледі. Олар: "Басынан өткерген адам ғана біледі қиындықты да, бақытты да. Мән бермеу керек. Ақталып та қажеті жоқ", "Тамара Асар, сіз өте керемет жансыз елдің айтқан сөзін көңіліңізге алып қайтезіз, тек қана алға!" деген қолдау пікірлерді жаңбырша жаудыруда.
Фото:tamara_assar_official