"Мұның бәрі далбаса": Гүлзира Айдарбекованың келіні тәрбие жайлы сабақ өте бастады

0
2 951

Өнерлі отбасының Жұлдыздан кейінгі келіні әлеуметтік желіде орыс тілінде тікелей эфирде бала тәрбиесі, келін әдебі жөнінде сабақ өтіп, психолог мамандармен сұхбат жүргізіп жүр.


Атақты хитмен Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова отбасындағы екінші келіні Айгерімнің жас келіндерге үлгі болып, тәрбие жайлы сабақ өте бастағанын мақтанышпен жеткізді. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова өзінің instagram парақшасында жазды.

Өнерлі отбасының Жұлдыздан кейінгі келіні әлеуметтік желіде тікелей эфирде бала тәрбиесі, келін әдебі жөнінде сабақ өтіп, психолог мамандармен сұхбат жүргізіп жүр.

"Адам болып өмірге келген соң, қолымыздан келгенше, жас демей, кәрі демей білгенімізбен бөлісіп отырғанға не жетсін! Кейбір келіндердің ерсі қылықтарымен жастарға өнеге беріп жатқанын көріп қынжыламыз. Жұлдызымның парақшасындағы тәлімді дүниелерді көріп бір марқайып қалушы едім, енді міне Айгерім келінім де өнегелі отбасынан шыққанын, тәрбие жайлы жас келіндерге үлгі болып сабақ өтіп бастапты.Әрбір шаңыраққа осындай иман жүзді келіндер бұйыра берсін! @sarkenova.aigerim Өз парақшасынан өткізген сұхбатын көулеріңізге болады"- деп жазады Гүлзира Айдарбекова.

Алайда оқырмандардың басым көпшілігі өнерлі отбасының келінінің тәрбие турасындағы сабағын орыс тілінде жеткізгеніне наразы.

"Орысша сөйлемеші,тыңдағымыз келмейді", "Қазақы отбасы едіңіздер, мына келіндеріңіз орысша болып кетіпті-ау, әттең", "Өзі қазақ па? Қазақша білмейді деу ұят қой. Бұндайларды шынымды айтсам атқым келеді", "Қазақтың баласы, қазақша сөйлеу керек. Білеміз, жарайды, орысша жақсы біледі екенсің. Орысша сөйлесем кереметпін деп ойлайтын шығар", "Қазақша болғанда күшті болар еді, орысша түк те түсінбедік", "Тәрбие берген дұрыс ау, бірақ қазақ тілінде айтпаса мұның бәрі далбаса. Намысты болған дұрыс", "Гулзира ханым, өтініш, қазақша сөйлесін. Қанша жерден орыс мектебін бітірсе де өз тілін білу міндетті ғой", - деп жазады ренжіген оқырмандары.