"НЕ ТӘЛПІШТІК БҰЛ?!" - Тоқтар Серіковтың сөзі көпке ұнамай қалды

0
6 262

Тоқтар Серікіов анасына деген махаббатын жеткіземін деп, елден сөз естіді.


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Эстрада әншісі Тоқтар Серіковтың отандық арналардың бірінде анасына деген ерекше махаббатын суреттуі көпшілікке жақпай қалды. Әншінің "анамның омырауына қолымды салып жіберемін, сүйіп аламын" деген сөздерін сынға алған желі белсендісі Геройхан Қыстаубай фэйсбуктағы парақшасына жазба қалдырыпты.

"Мына бейнероликте уатцаптан келіпті.
Жалпы, бір қарағанда, бұл ролик анаға деген адалдықты паш етеді. Тіпті кейіпкер де, оны тыңдап отырған жүргізушілер де көздеріне жас алып отыр. Көрермендердің де сондай күйде отырғандары бар болар.
Алайда, ойланып қарағанға, бұл ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, салдарынан, өте жаман - анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр! Кәмпиттің жылтырақ қағазына боқты орап бергендей...
Болмаса, «анамның аяғын сүйемін, қолымды салып жібер
іп көкірегін ұстаймын, сүйемін» деген не масқара?! «Бір бірімізге ұзақ қарап тұрамыз, қимай» деген не сөз?
Осы жағдайларды көз алдыңа елестетіп көрші. Не тәлпіштік, жалғандық бұл?! Осы ананы сыйлау ма?! Далбаса бәрі.
«Оңбайтын бала шешесінің көтін шұқылайды» деген мақалды ғана есітуші едік..."
деген жазбасында Геройхан Қыстаубай.

Әндерін сүйіп тыңдайтын халық та әншінің бұл әрекетін құптамайды екен. Анаға деген сағынышын басқалай да суреттеп, жеткізуге болатынын айтады.

"Тіптен өрескел. Көкірегіне қол салып еметін сәби болса екен, онда жөн", "Ересек адамға ерсі қылық, маxаббат жүректе болу керек және бұл сезімді сыйластық пен істеген жақсылықтармен көрсеткен дұрыс деп ойлаймын", "Масқара, ондай шешесіне деген махабатын осылай жария ететіндей не болды, ол егерде шын болса, бұрыннан осының сөздеріне бір жерім құрсатын еді, мынаусы енді тіпті масқара екен" деген сынды пікірлер жазылып жатыр.

ERNUR.KZ