Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды

0
156

Ол оқырмандарына осынау қиын-қыстау күнде қолдау көрсеткендеріне алғысын білдірді.


Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды

Сурет: Instagram/koyanbayevnurlan

ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды. Соған қарамастан ол жанкүйерлеріне қол бұлғап, сәлем жолдады, деп жазады zakon.kz.

Жұлдыз өзінің Instagram парақшасындағы stories бөліміне емханадағы суретін жүктеді.

"Денсаулық – ең қымбат сыйлық, ең басты капитал. Бірақ біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол оқырмандарына осынау қиын-қыстау күнде қолдау көрсеткендеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, суретте Қоянбаевтың науқастарға арналған төсекте жатқаны бейнеленген. Қасында ноутбук, жемістер мен тәттілер көрінеді. Дегенмен жағдайы жайлы жұлдыз ашып айта қоймады.