Осы аптада ана атанған арулар

0
7 263

Өмірге кесте тігер келді.


Осы аптада ана атанған арулар

Апта басы сүйінші жаңалықтармен басталды.

Өнерімен бірге өзінің өмірі де желіде кең талғыланған Ақбота-Нұр Дәуренге қыз сыйлады. Бұл туралы отағасы өзінің парақшасында сүйінші сұрап, сүйіктісіне алғыс айтты.


Тағы бір қуанышты жаңалық, жырымен халықты тербеп жүрген ақын, журналист Назира Бердалы да екінші қызын дүниеге алып келді. Бұл жаңалықты Назира Бердалының әріптесі, журналист Әлия Құдайберген фейсбук парақшасында жариялады.


Жұлдыздардың ана атанғанын естіген жанкүйерлері оларды құттықтап, амандық тілеуде. Біз де жас аналарға қыздарының бауы берік болсын деген тілек айтамыз.

ERNUR.KZ