"Отбасы деген ойыншық емес"- деп ұрысты желі қолданшулыры Арман мен Ашаға

0
2 366

Арман мен Ашаның ел алдында барлық құпиясы ашылды.


Елді елеңдетіп, халықты алаңдатқан Арман мен Ашаның арақатынасында уайымдайтын ешнәрсе жоқ - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жәй ғана бәстестік деп ақталған жұлдызды жұп бұл пікірді "Гәкку арнасына берген сұхбатында айтты.

Тыңдарманның жұлдызды жұпты қаншалықты жақсы көретіндігін білу мақсатында жоспарланған бәс соңы осылай аяқталды. Әлеуметтік желіде бір-бірінің достығынан өшіруден басталған кішкентай мәселе, ерлі-зайыптыларды ажырасты деген қауесетке айналды. Жанкүйерлерін алаңдатып, көпшілікті елеңдетіп қойған Арман мен Аша "Біз ешкімге ешнарсе айтқан жоқпыз. Тек желіде бір-бірімізді өшірдік. Бар болғаны сол. Ал, қалғандары өздеріңіз шығардыңыздар"- деген жауап айтты.

Ғашық жұптардың бұл әрекеті елге ғана емес, ата-аналарына да ұнамапты. Туғандарының алаңдамағанын қалаған соң, ойынды тоқтатайық деп шешіпті. Ал, бәсте отағасының жеңгенін айтты Аша Матай.

"Бізде бәрі жақсы. Біз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Өте сүйкімді қызымыз өсіп келе жатыр. Біз бар болғаны бәстескен болатынбыз. Бізді ел қаншалықты жақсы көреді деп. Елге түрткі болатындай бір нәрсе жасау керек болды"- дейді Арман Қоңырбаев.

Айта кетейік, жұлдызы жанған жұптың күні кеше "Ау-жаным" атты әнге түсірілген су жаңа бейнебаяны жарық көрді. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген әншілерге бұл жолы жазылған кері пікірлер көп. "Өтірік өсек соңы шынға айналып кетпесіне кім кепіл, отбасы деген ойыншық емес" , "Бұлай пияр жасамасаңдар да әндеріңді тыңдайтын едік қой" , "Елбасының жаңалығынан кейін өтпей қалды пиярларың" деген сияқты пікірлер жазылған.