​«Өзің де қыз өсіріп отырсың»: Қазақстандықтар рэпер Jah Khalib-ке бойкот жариялады

0
822

«Ашық киінген қыздарға қарағанда, хиджаб киген қыздар өзін қауіпсіз сезінеді»


​«Өзің де қыз өсіріп отырсың»: Қазақстандықтар рэпер Jah Khalib-ке бойкот жариялады

Жастар арасында кеңінен танымал болған рэпер Jah Khalib-тің зорлық-зомбылық туралы айтқан пікірі желіге тарады.


Өнер иесі осыдан екі жыл бұрын ORTA подкасына қатысып, зорлық-зомбылық тақырыбында ой бөліскен. Желі қолданушылары Бишімбаев ісінен кейін Jah Khalib-тің сол кезде айтқан сөзін естеріне алып, әншіге бойкот жариялады.


Айта кетейік, рэпер орамал тағып, жабық киінген қыздар, орамалсыз, дұрыс киінбей жүретін қыздардан өздерін қауіпсіз сезінеді, бүгінде белең алып тұрған зорлық-зомбылыққа қатысты мәселенің бір фактісі – қыздардың дұрыс киінбеуіне тікелей байланысты деген пікірді қолдаған. «Ашық киінген қыздарға қарағанда хиджаб киген қыздар өзін қауіпсіз сезінеді. Сондай-ақ ол ашық кигендер ерлерді еліктіреді» деп өз ойын білдірген еді.


Желі қолданушылары мен әншінің тыңдармандары бұл пікірмен келіспейтінін айтып, өнер иесін сынға алды. Әйелдердің құқығын бұзып, кемсітушілік білдіргені үшін оны қолдамауды және әнші ретінде мойындамауды сұрады. Рэпердің желідегі жеке парақшасына көпшілік оның концертіне енді бармайтындарын жазды.


«Ауызды ашпас бұрын ойлану керек», «Бесіктен белі шықпаған сәбилер зорлыққа ұшырап жатыр, оны қалай ақтап аласыз?!», «Өзің қыз өсіріп отырсың, ертеңгі күніңнен қорықпайсың ба?», «Мына сөзіңмен қыз зорлаушыларды ақтап, бар жауапкершілікті әйелдерге артып қойғаныңды түсінбедің-ау», «Ауыздан шыққан әр сөз ертең өзіңе бумеранг боп келеді, ертең сенің қызың да керек емес жерде, дұрыс емес киіммен жүріп қалмасын, абайла», «Мына сөздеріңнен кейін сенің концертіңе барып, әндеріңді тыңдамай-ақ қойдық» деп жазды өнер иесінің тыңдармандары.