Танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы өзінің алғаш рет эфирге шыққан кезін айтып, әдемі естеліктерімен бөлісті.
Өзінің желідегі парақшасына "ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ФУТБОЛКАМЕН ШЫҒЫП КЕТКЕН ЕДІМ!
Есіме түссе, әлі күлкім келеді. 1998 жыл. Көктем. Радиода жұмыс істеген кез. Өзім диджей, өзім журналист, өзім редактор.
Бір күні телевизиядан бір қыз жүгіріп келді де:
«Ләйлә, бізде тікелей эфирдегі сәлем жолдайтын хабардың ведущаясы келе алмайтын тәрізді. Бір жағдай болып қалғанға ұқсайды. Тікелей эфир басталатын уақыт таяп қалды. Сізге бірдеңе ғып киім тауып, бояндырып береміз. Онсыз да радиода жүргізіп жүрсіз ғой, шығып беріңізші!»,—дейді.
Сондағы менің түрімді көрсеңіз. Томпақ қыз, үстінде қара көк футболка. Алғаш рет теледидарға, тікелей эфир жүргізуге шығып тұрмын. Дір-дір етіп. Елестетіңізші.
⠀
Ұмытпасам бағдарламаның аты «Демал». Ол кезде қазіргідей құлаққа тағатын «уши» дегенің жоқ. Терезенің ар жағынан режиссер апай қолын көтереді. Онысы асықпа-асықпа дегені. Не петличка жоқ. Бір қолыңда микрофон, екінші қолыңда пейджер.«Аспан» ба, «Алма» ма еді аты, есімде жоқ.
Не керек, жарты сағат бойы сол пейджерден 5-6 смсті оқимын. Оған сиятыны 4-ақ жол сөз сондағысы. Одан кейін ән қояды.
⠀
Сонда деймін «сенің фигураңа футболка жараспайды, шашыңа әдемі прическа жаса» деп біреуі айтса болар еді ғой. Шашымды төбеге түйіп алғанмын.
⠀
Менің алғашқы эфирім осындай болған.
Фотода: сол кездегі Ләйлә" деген жазба жариялаған журналист ханым, жазбасының соңында болашақта медиа саласында жұмыс істегісі келетіндерге де ақыл-кеңесін айта кеткен.
Бұл жазбаны көрген оқырмандардың назары оның жас кездегі суретіне ауған. Көпшіліктің айтуынша, ол суретте тазалық, шынайылық бар. Ал, қазір әлде қайда басқа екенін жазыпты.