Қайраттың ұлы да жұлдыз!
Халықтың "жүрегін махаббатымен өртеген" Қайрат Нұртастың енді баласы да жұлдызға айналды. Оның кіші ұлы Ханды танымайтын, жақсы көрмейтін жандар кемде-кем шығар. Өйткені әншінің өзінен айнымайтын Ханы тәтті қылығымен жүректерді елжіретіп жүр.
Сондай бір кезекті видеоны хитмен әнші өзінің парақшасында жариялады.
Видео жазбада ұлы әншіні "Пап король, пап красавчик" деп сүйіп жатады. Тәтті балапанның дауысын естіген желі оқырмандары олардың махаббатына тәнті болып, ізгі тілектерін жазып жатыр. Олар жүректерден ғана тұратын өңтаңбаларға қосып, "Папасынан айнымайтын Ханюша", "Тәтті балал тіл-көзден аман болсын", "Қайрат пен кішкентай Қайрат қой" деген пікірлерін жаңбырша жаудыруда.
Фото желіден алынды.