Өнер иесі мен Аймира Аман 7 жыл бұрын ажырасқан.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Танымал әнші әрі актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында экс-күйеуі балаларына көмектеспейтінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі мен Аймира Аман 7 жыл бұрын ажырасқан. Ол Олжас Абайдың балаларымен аса жиі араласпайтынын алға тартты.
“Араласады, бірақ жиі деп айта алмаймын. Бұл оның жұмыстарына, басқа да жеке өміріне, шығармашылығына, уақыттың тығыздығына байланысты деп ойлаймын. Балаларымен телефон шалып, сөйлесіп тұрады. Кейінгі 1,5-2 жылдың көлемі болып қалды балаларымен қарым-қатынасы кішкене алшақтады. Балалар кішірек кезінде әкесін көп іздейтін. Қоңырау шалып, іздеп, жылайтын. Қазір естері кірді, жағдайды түсініп, қабылдады деп ойлаймын”, – деді ол.
Ол сондай-ақ ажырасуға не себеп болғанын айтты.
“Ажырасайық” деген сөз үлкен себеппен ғана айтылады ғой. Екеуміз де барынша отбасыны сақтап қалуға тырыстық. Ол уақыттан бері біршама уақыт өтті. Негізі ажырасуға арызды мен жаздым, соңғы сөзді мен айттым десем де болады. Олжас оған келісті, бірақ алдымен жақсылап ойлан деп ұсынды. Екеумізге де оңай болған жоқ”, – деді ол.
Аймира Аманның айтуынша, ажырасуға екі жақ та кінәлі.
“Ажырасуға екі жақ та кінәлі. Бір сөзбен айтқанда, екеуміздің дәм-тұзымыз жараспады. Олжасты кінәламаймын. Мен аппақпын, тап-тазамын деп айтпаймын. Адам болғандықтан, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды”, – деді ол.
Өнер иесінің бұрынғы жұбайы Олжас Абайдың балаларына баспана уәде еткенін айтады. Аймираның сөзінше, қазіргі таңда ол анасымен бірге пәтер жалдап тұрады, ал балаларының тәрбиесі екеуінің қолында.
“Әзірге жеке баспанамыз жоқ, пәтер жалдап тұрамын. Олжастың тарапынан биыл балаларына баспана алып беремін деген уәде болды, соны күтіп отырмын. Мен өзім мейлінше сабыр сақтағанды жақсы көремін, сондықтан мазасын алмаймын”, – дейді өнер иесі.
Аймираның айтуынша, актер бүгінде отбасылы болуына байланысты онымен араласудан бас тартқан.
“Пәтердің ақысын өзім төлеймін. Олжас ай сайын ел қатарлы алимент төлеп отырады. Екеуміздің арамызда байланыс жоқ. Жазда бір себептерге байланысты Олжасты қатты іздедім. Құрбым Олжасқа “сені Аймира іздеп жатыр, хабарлас” деп жазған. Ол құрбыма “Аймира мені бұдан былай іздесемін, хабарласпасын, жеке нөмерімді де бере алмаймын. Себебі қазір менің жеке өмірім, отбасым бар, сөйлесе алмаймын” деп сәлем айтыпты”, – деді ол.


