​«Раймның балеринасымын»: Ерке Есмахан күйеуін өзіне қалай қаратып алғанын айтты

0
2 696

«Ол суда жүзген балықтай...»


​«Раймның балеринасымын»: Ерке Есмахан күйеуін өзіне қалай қаратып алғанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары қойған сауалдарға жауап берді. Өнер иесінің фанаттарын көбіне күйеуі, әнші Райм екеуінің қарым-қатынасы қызықтыратын көрінеді.


Әншіге бір тыңдарманы «Раймды өзіңе қалай қаратып алдың?» деп сұрақ қойған.


«Қыздар, неге өздеріңізді төмен бағалайсыздар? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі, ол жас немесе үлкен, бай, әдемі, атақты, лауазымды адам, тағы басқасы болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Мен осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын.


Біз 2018-жылы таныстық, сөйлестік, арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте бір-бірімізден алшақтағымыз келді, бірақ бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық.Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді. Сондықтан, қыздар! Миларыңды болмайтын нәрсемен толтырмаңдаршы, жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді», - деп жауап берді Ерке Есмахан.


Ол сондай-ақ күйеуі екеуінің сахнадан тыс тіршілігін де сөз етті.


«Үлкен ортаға барғанда Райм жабылып қалады. Мен керісінше, ашылам ғой, шіркін! Райм өзін сахнада суда жүзген балықтай сезінеді. Ал, екеуміз жеке болғанда бәрі «Я и сен» әнінде айтып кеткендей. Ол оны маған арнап 2019-жылы шығарған. «Екеуміз де ересекпіз, Бірге жүрсек баламыз. Бірге жүрсек, кез-келген жерден шығатын жол табамыз...» деген сөздері бар», - деді өнер иесі.


Эстрада жұлдызы бала кезінде балерина болуды армандаған екен.


«Кішкентай кезімде аяғымның ұшымен жүретінмін, тоқтамай. Әкеме «Балерина боламын» дедім. Онымен біз Ақтөбенің ар жағында, ауылда тұрдық. Ауылда балет мектебі жоқ болды. Одан скрипка үйренемін дедім. Ауылдағы өнер мектебінде скрипка бөлімі болмады. Домбыра мен қобыз ғана болды. Сөйтіп бесінші сыныпқа дейін домбыра үйрендім. Домбыраға қарағанда әншілігім басым екенін байқап, ары қарай колледжге вокал бөліміне түстім. Орындалмай қалған арманым болғандықтан, театр, балетке барғанды жаным сүйеді. Ал Райм мені «Балерина моя» деп еркелетеді. Мен оған үйде билеп берем», - деп ағынан ақтарылды Ерке Есмахан.