Салтанат Бақаева: "Ғаламторға жіберген видео төбеме су сепкендей болды..."

0
4 031

Оның мұндай күй кешуіне ақын Назерге Семейдің видео үндеуі себеп болған. Себебі ақын танымал әнші қаламақысын бермей кеткенін қалың жұртқа жария еткен еді. Бірақ бұл тұста әншінің айтары басқа...


Салтанат Бақаева:

Белгілі әнші Салтанат Бақаева: "Ғаламтордағы видео төбеме су сепкендей болды..."-, дейді.

Оның мұндай күй кешуіне ақын Назерге Семейдің видео үндеуі себеп болған. Себебі ақын танымал әнші қаламақысын бермей кеткенін қалың жұртқа жария еткен еді. Бірақ бұл тұста әншінің айтары басқа...

Өз инстаграм парақшасында "Ата анамның "біреудің ала жібін аттама" деген сөзімен өскен қызбын, еш уақытта біреудің келісімісіз әнін не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін!
Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме су сепкендей болды... Шыны керек жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтын, ақындардың бірі! "Әгугәй, құрбым" атты әнімнің сөзін жазған Назерке. сөзін тегін жазып беруге келісіп енді, араға 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып "Ақша төлемедің" деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды... ақшасын сұраса, мен келісіп не келіспей әйтеуір бір мәмлеге келетін едік. Бірақ мен сөзінің авторы Назерке болғандықтан бүкіл теледидар, радиода авторын мақтанышпен айтып,жазып отырамын!
Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым,бұл жолы 50000 тг деді, шыны керек сол сәтте әлі тұрақталмаған,жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын,мен 20000 теңгеге келісуін өтіндім... Бірақ келіспеді оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң. Мен қуанып сол кісінің сөзімен "Әдемі-ай" атты әнімді шығардым!
Бар мәселе осы, құрметті оқырман....
Назеркенің бұл бәлкім қызғаныштан туып отырған ойы болар... өз басым қатты ұялып отырмын!"
деп жазып, пікірлерді шектеп тастады.

Фото: saltanat_bakaeva

ERNUR.KZ