Ақын Құрманай Бахтиярқызы оқырмандарына шынын айтып ақтарылды.
- Танымал хит әндердің авторы Құрманай Бахтиярқызы бір кездері оранып ел алдына шыққаны халықтың есінде. Соңғы кездері қайта орамалсыз шығып жүрген ақынға қатысты түрлі жорамалдар да айтылып жүр.
Бұл әңгімелерге нүкте қойғысы келген болуы керек, ақын парақшасында оқырмандарына шынын айттып ақтарылды.
Құрманай Бахтиярқызы: "Ия менің иманым əлсіреген... Намаз мені тастап кетті. Бірнеше рет ота жасаған дəрігерлерімді желеулетіп...Құран кітапты қолға алмағаныма да,көп болды. Мешітке бармағаныма да бір ай болыпты... Бірақ есесіне жақсы рия жасай бермейтін көп тірлік бітірдім... Бəрін айта алмаймын, жəй ғана мысал келтірейін... Əкемнің құрметі үшін туған інісінің ұлына той жасап бердім..Өзім басқарып, өнер жағын көтердім. Анам мен әкеме он кун демалысқа путевка əпердім. Ай анамды салонга апарып еркелетіп баптадым. Жан достарым..Əріптестерімді: Нұржан Аташ, Бағым Мақсатқызы, Олжас Əлжан, Əділ мен Дана т б өз арнауыммен қуанттым! Сіңлім Динараға барып, ресторанына қонақ болып тағы да қуанттым. Алтын сіңлімнің қызын, Дархан інімнің балаларын қыдырттым..киіндірдім..бұл менің бес кундегі тіршілігім. Оның арасында жақсы сөзіммен қанша адамды бақытқа бөледім. Мен бақыттымын! Əр жақсылығым мен жақсы сөзім Құлшылығым. Алла менің күнəларымды ғана емес барлык перзенттерінің күнəсін кешірсінші. Шынымды айттым...".
Сөзін осылай түйіндеген ақын жүрегін оның оқырмандары да жақсы түсінген сияқты. Өйткені барлығы дерлік қолдау білдіріп, бес күн жалғанда жақындарыңа көмектесу ең үлкен сауап екенін естеріне алды.
Бірақ кейбірі құлшылық пен көмектің жасырын болғаны дұрыс екенін айтып, намазға қайта келуіне тілектестіктерін білдірді.
Фото: kurmanai_bakhtiarkyzy