Танымал композитор: " Талай ақын сеземін, өкпеледі..."

0
2 611

Арман Дүйсенов өзі туралы жырмен жеткізді


Танымал композитор:

"Өзге емес өзім айтам өз жайымда..." дегендей, танымал композитор, әнші Арман Дүйсенов өзі туралы жырмен жеткізді. Ол жырына балалығын, отбасын, балалар үйінде өскен әкесін, әжесін, анасын, музыкаға деген құштарлығын сидырған.

Арман Дүйсенов: "Талай ақын сеземін, "өкпеледі",

Достарым, өтінемін сөкпе мені..
Мазасыз өкініштің оты құрығыр,
Жүректі маздап, ұйтқып өртеп еді..
Ілкіде балалығым ертегі еді..
Есейтті бірақ өмір ерте мені...
Біреулерге қарағанда көрдім,
енді,
Біреулерге, білмеймін ештеңені...
Бұл күнде сағындырып әсте мені,
Сарғайтты «айқайы» мен "кешкі елеңі",
Қазақ болып өскеніме себеп болған,
Әжемнің қиссасы мен ескі өлеңі...
Және есімде аяулы анашымның,
Тербетіп салған әні әр кеште мені...
Детдомда өскен әкеме де еш өкпем жоқ,
Музыкаға баулыды ерте мені..
Әттең оның орысшасы семсер еді,
Ал әжем қазақшаға көркем еді,
Осылайша ауылда иман, қалада орыс,
Бұл Арман екі тілде еркеледі..
Жолдарын ұзақ қылып өлшемеді,
(Маңдайына жазылғаны келте ме еді?)
Ата-анам кетті жырақ, мейірімі,
Баласына болған кезде ең керегі...
Алланың әмірімен Алматыға,
Бала Арман-арман қуып ентеледі..
Ол күнде интернатқа беруші еді,
Баласын Оралы да,Өскемені...
Бір күрсініп поезге мінгізді де,
Шығарып салды туған өлке мені...
Айтқаныма білемін ел сенеді,
"Дүйісеніп" оқуының белсеңі еді..
Таңертең ерте кетіп жалпы пәні ,
Музыкаға ұласып кеш келеді..
."



Соңғы кездері тілек, жазбаларын өлеңмен жеткізіп жүрген композиторға халық тағы да разы болып, шабыты шарықтамауына тілектестіктерін білдірді.

ERNUR.KZ