«Тәуекелшілдігімнен таяқ жеген кездер де болды.» : Бағлан Әбдірайымов жаңа кәсіп бастады

0
1 477

«Бұрынғыдай соқыр тәуекел емес, сауатты қадам басқандаймыз!»


«Тәуекелшілдігімнен таяқ жеген кездер де болды.» : Бағлан Әбдірайымов жаңа кәсіп бастады

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов жаңа кәсіп бастапты. Бұл жаңалығымен әнші инстаграм парақшасында бөлісті.

«Жыл сайын әр кәсіпке бас сұғып көремін. Біраз жыл бұрын @syrymbek_tau досыма, @asylkhan0552 ағама қызығып, дөңгелек сатқан кезім де болды.
Мәскеуде қауын-қарбыз сұмдық өтеді деп ол жақтың да базарына бардық. Ол кезде МОСКВА көрген @dos_malik досыма арқа сүйеп ем… Инфобизнестің де есігін сығалағам. Карантин кезінде бие байлап, қымыз да саттық. Бірінен ұтсақ, бірінен ұтылдық. Қандай бизнес болсын қызығушылық артып, тәуекелге бара бердім. Сол тәуекелшілігімнен таяқ жеген кездер де болды. Бірінен тәжірибе жинасам, бірінен сабақ алдым. Енді қай істі қолға алдым? Бұл бұрынғыдан БӨЛЕК! “Айқаракөз” өнер мектебінен бастау алған ісіміз отбасылық жұмысқа айналды. Ақырындап зерттеп, ақылға салып, жауапкершілігі мол істі қолға алдық. Бұрынғыдай соқыр тәуекел емес, сауатты қадам басқандаймыз! Өйткені жауапкершілігі мол іс. Әкем де, анам да ұстаздық еткен асыл жандар. Ұядан көргенімді ұшқан кезде іле кеткен екенмін. Әке - анамның ұстаздық жолын өзім байқамай жалғастырғалы тұрмын»,
- дейді Б.Әбдірайымов.

Ал желі қолданушылары әншінің бастаған ісіне сәттілік, береке тілеуде.