Танымал әншілер Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне себепкер қызға кешірім беруді өтінді

0
6 280

ERNUR.KZ ақпараттық порталы


Танымал әншілер Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне себепкер қызға кешірім беруді өтінді

Танымал әнші Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан көлік апатына байланысты өз ойын желіде ашық білдірді.

"Ажал (апат) айтып келмейді, кеткен қайтып келмейді!
Бәріміз жолда жүрген жолаушылармыз.
Кейбір өлімнің себепшісі адам болғанымен, әр адамның маңдайына тағдыры солай жазылған.
Ал тағдыр ол Алладан! "Жазмыштан озмыш жоқ",
біз пенде болғандықтан қателесеміз.
Шексіз мейірім иесі Ұлы Алла, шексіз кешірім иесі!!! Сұрақтың шешімі, сынақтың жеңілдігі болса дейміз ғой.." Қара нардың қабырғасын қайыстырып, қыраны қыршын кеткен ардақты Олжас ағамыздың отбасына қайғырып көңіл айтамыз" деп әнші қазаға көңіл айтты.

Одан кейін, "Тас түскен жеріне ауыр, бізге де жеңіл тиіп тұрған жоқ.
Бауырымыздың бақилық болуы Алланың ісі деп білемін.
Сол жағдайға Малика қызымыздың тап келіп қалғаны тағдыр!
"Алдыңа келсе атаңнын құнын кеш" дейтін кешірімді xалық емес пе ек?!
Әдейілеп қолымен жасалмаса да, мойынымен көтеріп тұрған осы қыздың болашағына алаңдаймын.
Қазақтың әр ұлы бауырым, әр қызы әпке-қарындасым! Сондықтан қаракөздерімізді жәутеңдетіп, тағдырына тосқауыл болмайықшы! Ешкім де, ештеңе де мәңгі емес қой!
Біз кім болсақ та, кімнің баласы болсақ та, бәріміз Алланың алдында бірдейміз! Дәрменсіз де, пәрменсіз де мына біз! Бұл тағдыр! Ешқайсысымыз өз тағдырымызда не күтіп тұрғанын білмейміз! Сондықтан Алладан келген жарлықпен, әр сынаққа сабырмен қарап Маликаны қолдап, кешіру де өз қолдарыңызда тұр ағайын!Баршаңызды бір болуға шақырамын!" -, деп халықты қаракөз қызға кінә артпауға шақырды.

Төреғалидің бұл пікірін қолдап, Мәликаға кешірімді Алла мен халықтан сұраған жандардың қарасы көп, олардың ішінде танымал адамдар да бар. Мысалы Серік Ибрагимов жазбаны бөлісіп, қолдайтынын білдірді.

ERNUR.KZ