"Тұрмыста емеспін": Жұлдыз Әбдікәрімова осы күнге дейін жасырған құпиясын ашып қойды

0
1 678

Желіде олардың ажырасқанын растайтын құпия құжаттар пайда болды


Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде күйеуі Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі видеода тұрмыста емес екенін айтты. Жұлдызды жұп Черногориядағы демалысынан видеоны бөлісіп, жергілікті табиғатқа, халыққа тамсанғанын айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова бұл елде үйлену тойы қалай өтетінін көрсетті.


"Жергілікті шара. Үлкен торт пен қонақтар. Үйлену тойды осы жерде өткізсе қандай керемет, иә?", - деді актриса. Қайрат Нұртас келіншегімен келісіп, оған отау құрғандарының 20 жылдығын атап өтуге ұсыныс білдірді. "Иә, керемет. Бірақ бұл жерде емес, 20 жылдығымызды ана аралда жасаймыз деп ойлаймын", - деді ол. Ал Жұлдыз Әбдікәрімова оған "мен әлі тұрмыста емеспін" деп жауап берді.


Осы видеоның артынша желіде жұлдызды жұптың шын мәнінде ажырасқаны туралы құпия дерек пайда болды. Сот құжатында 2021 жылдың 18 қазанында заңды түрде ажырасып, Жұлдыз Әбдікәрімованың талапкер, Қайрат Нұртастың жауапкер болғаны айдан анық көрсетілген.