Ұлы дала баласысның атым ен хош иісті парфюм жарыққа шықты.
Сурет: әншінің инстаграм парақшасынан алынды
Жақында ғана төртінші рет әке атанып, ұлан асыр той жасаған әнші Төреғали Төреәлі елді басқа жаңалығымен қуантты. Ұлы дала баласының атымен "TORESH" атты иіс су шығып, ол сатылымға жөнелтіліп үлгерді. Бұл жаңалығымен Төреғали инстаграмдағы өз парақшасында бөлісті деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.
"TORESH" атты ерекше хош иістің ашылу салтанаты сәуір айының соңғы күндері өткен. Әншінің айтуынша, қолға алған бастамаларына Алаштың абызы Асанәлі Әшімов ақ батасын беріп, лентасын қиды.
"Ассалаумағалеукум ардақты ағайын!!! Сәуір айының 30 шы жұлдызында, Алланың қалауымен Алаштың абызы, Қазақ театрының корифейі Асанәлі Әшімов атамыздың ақ батасын алып, "TORESH" атты парфюмның ашылу салтанаттын өткіздік.
"TORESH"-ті сеуіп шалқып, иісіне балқып,
жүрмейсіңбе досым,
Ұлы Дала иісі аңқып!
Бұл ғажйып хош иісті дүкендерден ала аласыздар", - деп өз жазбасын қалдырды.
Төлеповтардың кезекті қуанышына ел де қосыла қуанып, өз құттықтауларын арнап жатыр. Десе де, аталған иіс судың қарапайым халықтың қалтасына қонымды, бағасы қолжетімді болғанын қалайтындарын айтқандар да кездесті.
«Болды міндетті түрде аламыз!!Сеуіп алып Ұлы дала иісі боп жүрмеймізбе. Жарайсың Ақ төреш», «Қуаныштымыз Төреш істеген ісің биіктен көрінсін .АЛҒА ҚАЗАҒЫМ», «Төреғали балам жаңадан бастап жатқан бастауың құтты болсын!!! Сәттілік берекелі оң болсын.», «Ол духи га биздин ақшамыз жетем екен алаламызба?», «
Бағасы карапайым халык алып колданатындай колжетімдіме? Соны айтсаңызшы бірінші. Елдің барінің ойында осы сураккой», - деп пікірлерін білдіріп жатыр әншінің оқырмандары.