«Жалаңаш шыға салмады ма»: Баян Алагөзова концертінде жас жігіттермен билеймін деп сынға қалды (ВИДЕО)

0
299

​Продюсер 50-ден асқан шағында жеке концертін өткізді.


«Жалаңаш шыға салмады ма»: Баян Алагөзова концертінде жас жігіттермен билеймін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Танымал продюсер Баян Алагөзова концертінде жас жігіттермен билеймін деп жұрттың сынына қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Продюсер 50-ден асқан шағында жеке концертін өткізіп, шоу жасамақ болды. Сол сияқты концертінде шығармашылықта жүріп өткен жолын көрсетті.

Дегенмен қойылымдарының бірінде ашық киініп, жас жігіттермен билегені үшін жұрттың сынына ұшырады.

«Жалаңаш шыға салмады ма», «Мұндай шоуыңа рақмет. Жасы келгенде абыройды да ойлау керек, жас емес», «Фигурам бар немесе ұялмаймын деп осылай жүруге бола ма?», «Ораза кезінде не шоу, әр нәрсенің орны бар емес пе!», «Көйлектің етегін сәл тізеге дейін түсірмедіңіз бе?», «50 жаста почти киімсіз халықтың алдына шығу», «Тайландтағы қыздардың киімі сияқты екен», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін продюсер сәлем салу дәстүріне қатысты өзінің ойын айтқан болатын.