​«Жан-жағымды ойламай демаламын»: Актриса Нұргүл Мыңғатова өзін сынағандарға жауап берді

0
1 674

«Менің де мойнымда несием бар»


​«Жан-жағымды ойламай демаламын»: Актриса Нұргүл Мыңғатова өзін сынағандарға жауап берді

Көпшілікке «Келінжан» телехикаясындағы Балқия рөлімен танылған актриса Нұргүл Мыңғатова өзін сынаған оқырмандарға жауап берді. Актрисаның әлеуметтік желідегі оқырмандары оны «Құтырған, байып алып секеңдеп жүр» деп сөз еткен.


«Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар, солай! Тойға барсам шын көңілмен билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Әлеуметтік желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін. Мысалы, мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек менің жұмысым. Демек өмірде рөлге кіріп, ойнай алмаймын.


Бір тойда Айсара абысынтайыммен қуып, билеп қалып едік, халқым небір нәрсе жазды ғой. «Балқия құтырған, байып алып секеңдеп жүр» депті. Жандарым-ау,менің мойнымда да несием бар. Бірақ бір сәт босаңсып, билеп, көңіл көтергім келеді. Сонда мен тойда актриса болып, ешкіммен араласпай отыруым керек пе?


Табиғатым солай, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын. Бірақ, өкінішке қарай, соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар бар. Өмір – бумеранг. Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым, а?» деп ренішін жеткізді Нұргүл Мыңғатова.


Өнер иесінің өкпелі постына көпшілік пікір білдірді.


«Мән берме, өсек өнер адамдарын өсіреді. Одлардың сауабын өшіреді», «Жұртты тыңдасау өмір сүргің келмейді, өзіңе ұнайтын нәрсені жасай бер», «Өте қарапайым адамсыз, солай болып қалыңызшы», «Тойға барған соң билемесең онда оның несі той?!» деп жазды жанашыр оқырмандары.