"Әулетпен қоштасып шықтым" - дейді актриса.
Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірі туралы ашық айтып, қазір жолдасымен бірге еместіктерін аңғартты.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қызы екеуінің суретін салып, "Неге екеуіңіз-ақ жүресіздер" деген сұраққа жауап беретін кез келген сияқты деп, ағынан жарылды. Қазір күйеуі Өмірсерікпен бірге емес екендерін және оған себеп жан-жағындағылардың әңгімесі болғанын да жасырмаған.
Сондай-ақ актриса келін болып түскенде басына орамал салған әжесіне шапан жауып, кемшіліктері үшін кешірім сұрап, әулетпен қоштасып кеткенін айтыпты.
"
Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің күйеуіне өкпесі жоқ екенін, тек оның да, өзінің де бақытты болғысы келетіндектерін жазған.