«Жерден жеті қоян тапқандай»: Тұрсынбектің әйелі туған күнінде рэп айтты

0
2 508

«Шегірткелердің заманы қашан бітеді?!»


«Жерден жеті қоян тапқандай»: Тұрсынбектің әйелі туған күнінде рэп айтты

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова 40 жас туған күнін дүркіретіп тойлады. Жұлдызды отбасының қуанышына өнердегі белгілі әртістер, әзілкеш, әншілердің бәрі дерлік жиналды. Майра Ілиясова бастаған, Қыдырәлі мен Қарақат, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков, Айгүл Мукей, Мөлдір Әуелбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова қоштаған көптеген өнер жұлдыздары туған күн кешінен табылды.

Кештің дресс-коды ақ түс болды. Жиналғандардың бәрі де әппақ киімде төбе көрсетті.
Туған күн барысында Тұрсынбек Қабатов бір топ жігіттермен үнді киносындағыдай үнді биін билесе, жары Мөлдір ханым келген қонақтарға алғысын рэппен жеткізді. Қашанда жайдары, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін жұптың туған күн кеші де көтеріңкі нотада өткені байқалып-ақ тұр.



Сондай-ақ Мөлдір ханымның 5 бірдей бауырымен бірге шырқаған «Бауырым» әні көпшіліктің көзіне түсті. Бұл туралы белгілі журналист Айгүл Мүкей парақшасында жазды.
«Мұқановтардың музыкалық отбасы. Ағайындар – осындай таланттар. Торғай жерінде өмір сүреді. Ал біз Тұрсынбек қайдан көңілді деп бас қатырып жүрсек, мынандай қайынжұртпен қалай көңілді болмайсың?!» деді А. Мүкей.
Ал желідегілер Тұрсынбектің жарының рэп айтып, секіріп би билегенін онша қабылдай қоймаған сыңайлы.
«Мөлдірге не болған, жерден жеті қоян тапқандай секең-секең етіп, өте ерсі көрінеді, кішкене салмақты болшы», «Мөлдірге секірген біртүрлі сияқты. Өзі салмақты әйел сияқты еді. Сол салмақты түрін көріп үйреніп едік», «Шегірткелердің заманы қашан бітеді?», «Тұрсынбектің әйелі күйеуінен асып түсетін сияқты» деген сияқты пікірлерін жазуда.