Жұлдыздар Кенталдың қайтыс болған мысығына "көңіл айтты"

0
4 464

Кентал: "Жаңа жылда менің мысығым қайтыс болған"


Жұлдыздар Кенталдың қайтыс болған мысығына

Әнші Кентал Жаңа жылды қарсы алмайтынын мәлімдеді. Оған себеп - бала кезінде Жаңа жыл қарсаңында мысығының қайтыс болуы екен.

Отандық арнаның біріне осылай деп сұқбат берген Кенталдың бұл бейнежазбасы желіде тез таралып кетті.


Оның бұл видеосын көрген көпшілік "хайптың бір түрі шығар" деп топшылады. Сондай-ақ, олар "тым арзан әңгіме айтты" деп әншіге теріс пікірлерін жаудырды, тіпті кейбірі мысқылмен көңіл айтты. Олардың қатарында елге танымал өнер жұлдыздары да бар. Бұл видеоны желіде бөліскен композитор Жарылқасын Дәулет мүлде пікір жазбаған. Сірә, "айтарға сөзім жоқ" дегені болар деп топшыладық, бірақ, пікір қалдырушылар сөзді аяп қалмаған.

Ал елдің ерке қызы, айтыскер Жансая Мусина "көңіл айтып, қайғыға ортақ" екенін білдірген.

Фото: hommes.kz

ERNUR.KZ