Жүсіп Ақшораға "Халықтың сүйікті әртісі" медалі табысталды

0
143

Бұл мемлекеттік марапат емес.


Жүсіп Ақшораға

Фото: Instagram.com/intelligentno_qu_

ERNUR.KZ. Қазақ әзіл-оспақ өнерінің белгілі өкілі, “Шаншар” театры арқылы көпшілікке танылған Жүсіп Ақшора ерекше құрметке ие болды. Өнер иесіне “Халықтың сүйікті әртісі” деген атауы бар арнайы медаль табысталды, деп жазады stan.kz.

Бұл мемлекеттік марапат емес. Бастаманы Intelligentno Qu жобасының жас әзілкештері мен қазақтілді контент авторлары көтерген. Олар Жүсіп Ақшораның қазақ юморы мен сахна өнеріне сіңірген еңбегін бағалап, халықтың ықыласын осылай білдіруді жөн көрген.

Арнайы әзірленген медальмен бірге актерге куәлік табысталып, қазақы дәстүрмен иығына ақ шапан жабылды.

Жүсіп Ақшора өзіне құрмет көрсеткен кейінгі буын әріптестеріне алғысын білдірді. Ол өнерде буындар арасындағы байланыстың үзілмеуі, аға буынның еңбегін бағалау мен жастарға бағыт-бағдар берудің маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, Жүсіп Ақшора ұзақ жылдар бойы “Шаншар” әзіл-оспақ театрында өнер көрсетіп, сан түрлі образымен көрермен ықыласына бөленді. Өзіндік орындау мәнері мен сахнадағы шынайы әзілінің арқасында ол қазақ әзіл-сықағының танымал тұлғаларының біріне айналды.