​Мүлде ауырмаудың амалы бар ма?

0
188


​Мүлде ауырмаудың амалы бар ма?

Адам болған соң ауырасың, емделіп жазыласың. Бірақ ешкімнің де сырқаттанғысы келмейді. Дегенмен ауырмаудың жолы бар десек сенесіз бе? Ол үшін не істеу керек? Әрине, аурудың алдын алып, үнемі денсаулықты нығайтып, физикалық тұрғыда белсенді болу маңызды.


Бөлмені желдетіп, ауасын тазартып тұрыңыз

Қай мезгілде болмасын, бөлменің ауасын тазарту өте маңызды. Тіпті, жұмыс бөлменің де терезесін ашып, ауасын жиі-жиі тазартсаңыз, саулығыңызды сақтайтын боласыз. Себебі жабық мекемеде, үй-жайда вирустар көп шоғырланып, тез тарайтын болады. Егер үйдегілердің біреуі тұмауратып қалған болса, тұмау жұқтыру қаупі артпаса кемімейді. Сондықтан бөлмені желдетумен қатар, ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізуді де ұмытпау керек. Шаң тұрған жерлерді ылғалды шүберекпен сүртсеңіз, бұл да ауаның тазаруына айтарлықтай көмектеседі.


Дәрумен қабылдаңыз!

Маусымдық көкөністер мен жемістер витаминдердің тамаша көзі болып табылады! Суық тию кезінде пияз мен сарымсақ жеңіз, адамдармен қысылмай сөйлескіңіз келсе – шалғам жеуге кеңес береміз. Оның құрамындағы фитонцидтер ауру қоздырғыштарының дамуын басады. Иммундық жүйеге пайдалы С дәрумені туралы ұмытпаңыз, біз тек цитрус жемістері туралы айтып отырған жоқпыз! Итмұрын шайын ішуді әдетке айналдырыңыз - оның құрамында осы элементтің көп мөлшері бар. Сондай-ақ, балдырлар, калина жидектері, зімбір қосылған шайлар пайдалы.


Жаяу көп жүріңіз

Жаяу жүру денеңізді салқындыққа дағдыландырады және ол суыққа қатты әсер етпейді. Таза ауа қанды оттегімен қанықтырады және тыныс алу жолдарын тазартады, ал күн сәулесі тіпті бұлтты күнде де осындай маңызды D витаминін береді. Сонымен қатар, қалыпты физикалық белсенділік иммундық жүйені нығайтады. Ең бастысы ауа райына сай киініп, уақытында демалу.


Қолыңызды жуыңыз

Қоғамдық орындарға барғаннан кейін немесе суық тиген адаммен байланыста болғаннан кейін қолыңызды міндетті түрде жуыңыз. Сонымен қатар күніне кемінде бір рет мұрынның шырышты қабығын тазалаңыз. Бұл вирустарды денеге әсер ете бастағанға дейін жуады. Мұрынды шаю үшін сіз дәріхана өнімдерін пайдалана аласыз, мысалы, «Аквамарис», «Аквалор» және басқа да ұқсас өнімдер. Мұндай спрейлер мұрынның шырышты қабатына жиналған микробтар мен вирустарды қуып шығады.


Көбірек су ішіңіз

Құрғаған жасушалардың вирустарға қарсы тұруы қиынырақ. Тұрақты таза су денені шайып, токсиндерді кетіреді. Күніне 1 кг адам салмағына шамамен 30 мл қарапайым суды ішу ұсынылады.


Вирусқа қарсы препараттарды қабылдаңыз

Егер сізге жақын адам немесе әріптесіңіз ауырып қалса, алдын алу үшін вирусқа қарсы препараттарды қабылдауды бастау керек. Қазіргі таңда вирусқа қарсы дәрілердің түрі өте көп. Дәрігермен кеңескеннен кейін осындай препарат қабылдайтын болсаңыз, тұмау сізді айналып өтетін болады.

Бұдан бөлек мұрынның шырышты қабығына қолданылуы керек басқа профилактикалық шараға назар аударыңыз. Тұмау жұқпас үшін мұрынның айналасына оксолин мазін жағып, сақтанғаныңыз жөн. Мұны дәрігерлер де үнемі айтып отыратын болар. Егер кішкентай сәбиіңіз болса, оның да мұрнына жағып қойған артықтық етпейді.

Қандай да бір дәрі-дәрмектерді таңдамас бұрын, маманмен кеңесіңіз! Ауа райына сай киініп, жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, қолыңызды дезинфекциялауды, жақсы тамақтануды ұмытпай, арасында демалып тұрыңыз. Жоғарыда аталған ережелерді сақтасаңыз, суық тиюдің алдын алатыныңызға сенімді бола беріңіз. Деніңіз сау болсын!


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қант диабетіне ұшырамас бұрын оның алдын алу қажет