​"3-6-9" техникасы - АРМАНЫҢЫЗҒА ТЕЗІРЕК ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

0
1 182

Орындаңыз, міндетті түрде нәтиже болады.


​

Адам өмірінде сенімнің алар орны зор. Өйткені алға ұмтылдыратын да, өмір сүруге құлшынысын арттыратын және қандай бір істі, жоспарды бастауға күш беретін де ол – сенім.

Тіпті көлігіңіз жап-жаңа, бак бензинге толы болғанымен, жүргізуге сенімді болмасаңыз оны орнынан қозғалта алмайсыз. Сол сияқты армандарды орындау үшін де ең бірінші сенім керек. Нақтырақ айтқанда, бірінші ми сенуі қажет. Ары қарай әрекетке қалай көшкеніңізді білмей қаласыз. Ал миды сендіру үшін арманыңыз ми жадында сақталуы қажет.



Қалай?

Жатталып қалған естеліктеріңізді ойласаңыз, олар эмоциямен, визуализациямен өрілген. Демек, эмоция мен визуализацияны арманға байлау керек. Бұл орайда біз «3-6-9» техникасын қолдануға кеңес береміз.

Техника авторы Карин Йи мұнда нумерология, бүкіләлемдік тартылыс заңымен байланысты бірнеше кітап жазған Абрахам Хикстың 17 секунд ережесі және робототехника саласының белгілі өнертапқышы Никола Тесланың «ғарыштық коды» тоғыстырылғанын айтады.



Орындалуы

Техниканы күніне үш мезгіл орындап отырасыз. Қажеттілер: бірнеше ақ қағаз бен бір қаламсап.

Ескеретін жайт, бір ғана арманыңызды анықтап алыңыз. Мысалы сізде мынандай бірнеше арман-мақсат бар делік:

  • Екі бөлмелі пәтер алу
  • Қызметте жоғарылау
  • Тұрмысқа шығу
  • Саяхаттау
  • Ай сайын 1 миллион теңге табыс табу...

Көп арманның ішінен біреуін ғана таңдап алыңыз. Мәселен, қызметте жоғарылау мақсатын алайық.



Таңертең

Ұйқыдан тұрған соң ең бірінші осы негізгі арманыңызға 17 секунд (одан көп уақыт ойлауға да болады, бірақ 17 секундтан кем емес) ойыңызды шоғырландырасыз.

3 рет «Қызметте жоғарылау» деп жазыңыз. Содан соң 3 рет дауыстап оқыңыз.

Есте ұстаңыз: Тісіңізді жумас бұрын, телефонды қолға алмай, бірінші орында техниканы орындау керек. Өйткені адам ұйқыдан тұрған сәтте 5-7 минуттай альфа күйінде болады. Ал альфа күйінде түпсана ойды жылдам орындауға кіріседі.



Түскі уақыт

Түстеніп алған соң, адам босаңсиды. Осы кезде арманыңыздың орындалғанын 6 рет тізіп жазыңыз.

Мысалы, таңертең «қызметте жоғарылау» деп жазсаңыз, енді ие болған лауазымыңызды жазасыз. Мысалы «Мен директордың орынбасары боп тағайындалдым». Немесе «Мен компанияның (компания, мекеме атауын жазыңыз) бас есепшісі болдым». Жазғаныңызды 6 рет қайталап айтыңыз.

Өз салаңыз, мамандығыңыз, я болмаса көздеген қызмет жөнінде жазасыз.



Кешке

Ұйқыға жатар алдында арманыңыздың орындалған кездегі эмоцияны 9 рет жазып, визуализация жасайсыз. Дәл осы шақта болып жатқанын елестетіңіз.

Мысалы: ұжымды жинап алып басшыңыз қызметте жоғарылағаныңызды хабарлады. Әріптестеріңіз гүл шоқтарын сыйлап құттықтап жатыр. Эмоцияңыз қандай? Қуанып, бәріне алғыс айтып жатырсыз.

Немесе қызметте жоғарылаудағы мақсатыңыз не еді, соны еске түсіріңіз. Жоғары жалақы ма? Онда жалақыңыздың көбейгенін, оны жұмсап, ойыңыздағы бұйымды сатып алған көріністі дәл қазіргі сәтте болып жатқандай көз алдыңызда суреттеңіз. Қуаныңыз. Эмоция өте маңызды!

Яғни, арманыңыз орындалғаннан кейінгі өміріңізді ойлап жатып ұйқыға кеткен дұрыс. Сол көріністі 9 рет визуализация жасаған жөн.

Бұл техниканы 3 немесе 6, я болмаса 9 күн үзбей орындау керек. Әрине нәтиже жылдам болу үшін 9 күн қайталаңыз.

Ж. Нұрабай,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Өзін-өзі құрметтейтін әйелдің 3 ережесі

АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ арасын ЖАҚЫНДАТАТЫН қарапайым ҚАДАМ