Оның жүрегін жаулау үшін нені пайдалану керек екенін білесіз бе? (тест)

0
6 564

Жүректің нәзік қылын шертетін бұл музыкалық аспаптардың біреуін таңдай отырып, өзіңіздің немесе өзгенің махаббаттағы басты қаруын, негізгі қабілет қасиетін білуге болады, - дейді психологтар.


Оның жүрегін жаулау үшін нені пайдалану керек екенін білесіз бе? (тест)

фото: goodfon.ru

Бұны білу үшін, мынандай психологиялық тест көмегіне жүгініп көріңіз. Жаңа жылдық кеште симфониялық оркестр ұйымдастырылды делік. Бір рет қана оркестр құрамынан орын алып, өміріңіздегі ең әдемі музыканы ойнауға мүмкіндік берілді деп ойлаңыз. Оркестр құрамында қай музыкалық аспапта ойнағаңыз келеді?


Осы төрт аспаптың біреуін ғана таңдаңыз.

1. Скрипка

2. Контрабас

3. Труба

4. Флейта


СКРИПКА

фото: fotokto.ru

Музыкалық аспаптардың ішінде өте нәзік саз ойнайтыны – скрипка. Скрипкада қол саусақтарына күш түседі. Ендеше, сіз де махаббат ойынында қолдарыңызды көп пайдаланыңыз. Күйбең тірлік пен таусылмайтын проблемаларды ойыңыздан алыстата тұрыңыз да қолдарыңызға ерік беріңіз. Ол оның сезім нүктелерін дөп басып таба алады. Қолдарыңыз сипап өтсе болғаны, махаббаттың ғажайып музыкасы ойнай жөнеледі. Сіз бұны білетін бе едіңіз? Білмесеңіз, бұдан былай махаббат қылын шертуде қолдарыңызға басты рөлді тапсырыңыз.


КОНТРАБАС

фото: pixabay.com

Контрабас – бұл ысқышсыз саусақтың басымен ойнайтын аспап. Контрабастың жуан ішектерін тартып, одан жағымды, сиқырлы дыбыс шығару кез келген адамның қолынан келе бермейді. Бұл аспапта ойнау оңай емес. Сол секілді сіз де махаббатта өзгелердің батылы жете бермейтін қадамдарға бара алатын жансыз. Және кез келгеннің сезімін басқару да қолыңыздан келеді. Олай болса, «Мен оған ұнамаймын-ау?!», «Тәкаппар ол мені менсіне ме екен?», «Ондай келбетті, сұлу мен сияқтыларды қайтсін?» деген сияқты күдік сізге кедергі болмасын. Өзіңізге сенімді болсаңыз, кез келген жүректің есігі ашылып, ұйықтап жатқан сезімдер оянады. Тек сізге батыл болу керек!


ТРУБА

фото: cloudfront.net

Труба – үрлемелі музыкалық аспап. Бұл аспаптан дыбыс шығару үшін ауыз көп қызмет атқарады. Демек, махаббатта сіздің ең басты қаруыңыз – сөз екенін білгейсіз. Сөздің қуатын дұрыс бағыттай білсеңіз, ол құлыптарды кілтсіз-ақ аша алады.

Көңілді өсіретін де, өшіретін де – сөз. Сізде қолыңызды тигізбей-ақ сөзбен кез келген жүректі елжірете алатын қасиет бар. Егер, оны дұрыс қолдана білсеңіз, арыстандай күші бар мәселені де, дауды да оңай шешіп, жүректердегі мұзды еріте аласыз.


ФЛЕЙТА

фото: goodfon.ru

Флейта аспабында ойнау, оны үйрену – шыдамдылықты талап етеді. Демек, махаббатта жеңіске жеткіңіз келсе, шыдамды болыңыз. Әркез «Шыдамсыз шыбын сүтке түсер» деген мәтелді есте ұстап, төзімділік танытуыңыз керек.

Сізді жеңіске жеткізетін – шыдамдылық. Орта жолға келіп, бәріне қол сілтеп кері бұрылғыңыз келгенде осы сөзді еске түсіріңіз.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Адамды ҚОЛЫНА ҚАРАП ТАНУға болады (тест)


Осы ЕКІ нәрсені білсеңіз, 2019 жылы МАҚСАТыңызға ЖЕТЕСІЗ!


2019 - Сіз үшін ҚАНДАЙ ЖЫЛ болмақ? (тест)