Адамды ҚОЛЫНА ҚАРАП ТАНУға болады (тест)

0
32 044

Адамды досына қарап емес, қолына қарап тануға болады. Бұған көптеген психологиялық тест дәлел бола алады. Соның бірі мынандай....


Адамды ҚОЛЫНА ҚАРАП ТАНУға болады (тест)

фото: the-wedding.ru

«Адамды жақын досына қарап таны» деген нақыл сөз бар. Сіз бұны қалай түсінесіз? Меніңше, бұл адамды қолына қарап тануға болады дегенді меңзесе керек. Өйткені, әркімнің өз қолынан артық жақын досы жоқ.

Жыласаңыз, көзіңіздің жасын сүртетін, құлап қалсаңыз сүйеп тұрғызатын, шомылдырып, киіндіретін де – қолыңыз емес пе?! Тіпті, қараңғыда сипалап жүріп есікті тауып беретін де, аузыңыз ас шайнаудан босамай жатқанда сіз үшін әлдебіреудің сұрағына жауап беретін де – қолдарыңыз ғой. Ал, психолог мамандар адамның қолына қарап, ол туралы мағлұматқа қанық бола аласыз дейді.

Мысалы, қолға байланысты мынандай қызықты психологиялық тест алдыңызда отырған адамның сездірмеуге тырысқан кейбір мінез-қасиетін анық айтып «бере алады» екен. Түсінікті болу үшін, алдымен бұл тестен өзіңіз өтіп көріңіз. Бар болғаны қағаз бен қалам және 2-3 минут уақыт ғана қажет. Сонымен, дайынсыз ба?


1. Екі қолыңыздың саусақтарын бір-біріне кіріктіріп, яғни «құлыптап» ұстаңыз. Қай қолыңыздың саусағы ең үстінде тұр?

Егер, оң қолыңыздың бас бармағы жоғарыда тұрса «2» санын жазыңыз. Ал егер сол қолыңыздың бас бармағы саусақтар үстінде, жоғарыда тұрса онда «1» санын жазасыз.

фото: mirvokrug.blog


2. Қолымда тапанша бар деп ойлаңыз. Ойша алдыңызда мишень ілулі тұр деп елестетіңіз. Тапаншаны алға созып, мишеньге дәл тигізуге дайындалыңыз. Байқаңызшы, қай көзіңіз жұмулы тұр?

Мишеньді көздегенде егер сол көзіңіз ашық қалса онда қағазға «1» санын, ал егер оң көзіңіз ашық қалса «2» санын жазыңыз. Осы орайда айта кетейін, көз бен қол қызметі бір-бірімен тығыз байланысты, қараңғыда көздің рөлін атқаратын қолдың қызметін бұл жерде көз атқарып тұр.


3. Екі қолыңызды айқастырып кеуде тұсына жинап «байлаңыз». Қай қол үстінде?

Егер сол қолдың білегі оң қол үстінде тұрса, онда «1» санын, керісінше оң қол сол қол үстіне «шықса» «2» санын жазу керек.

фото: ru.freepik.com


4. Концертте отырмын деп ойлаңыз. Ән аяқталды, қол шапалақтап қошемет көрсетіңіз. Қай қолыңыз үстінде, қайсысы астында тұр?

Егер, сол қол жоғарыда болса «1» санын, оң сол қол төменде болса «2» санын жазыңыз.

фото: ourspace.thesanjosegroup.com


НӘТИЖЕСІ

Қағаздағы төрт санды алғашқысынан бастап, ретімен бірінен кейін бірін жазып тізіп шығыңыз. Егер:

«2222» - істе табанды, сөзде тұрақты, эмоциялық жағдайда ұстамды адам. Оған консерватизм тән. Ол конфликтке, бәстесуге бара бермейді, дау-дамайды бейбіт жолмен шеше алады.

«2221» - мәселеде дұрыс қорытынды жасап, соның негізінде жағдайға сәйкес шешім қабылдай алмайтын адам. Тәуекелге, батылдыққа бара алмайды. Сондықтан да мұндай адамда жауапкершілік аз.

«2212» - кез келген ортаға тез бейімделіп, үлкенменде, кішіменде жылдам тіл табыса білетін адам. Оны тілі басқа ортаға апарып тастасаңыз да түсінісіп күнін көре алады.

«2111» - ешкімнен көмек күтпейтін, тек өз күшіне, өзіне сенетін тәуелсіз адам. Мұндай адамдар діттеген жеріне жете алады, бірақ оның сеніміне кіру өте қиын.

«2211» - жұмсақ мінезді адам. Өз мүддесін ойламайтын, көпке еретін, ешкіммен қарсыласпайтын, тәрбиеге, икемге илігетін жан.

«2122» - аналитикалық ой жүйесі жақсы жетілген, әр қадамын жеті рет өлшеп жасайтын өте сақ ақыл иесі. Айналасына салқын болғанымен, жүрегі жылы, мейірімді адам.

«2121» - өзін қорғансыз сезінеді, сондықтан айналасынан жылулық іздейді. Өзіндік пікірін айтуға, өз бетінше шешім қабылдауға, бастама жасауға сенімі әлсіз. Мұндай адамның айтқанға көнуі, бағынуы оңай.

«1112» - эмоциональды, энергиялы және жылдам шешім қабылдай алатын адам. Ол сөзбен де, іспен де өз көзқарасын қорғай алатын, өзіне сенімді адам. Өзінікі бұрыс болса да оған барлық адамды сендіре алады.

«1222» - ашық мінез, кез келгенді өзіне тартып тұратын магниттік қасиеті бар адам. Бірақ, оған табандылық пен қайсарлық жетіспейді.

«1221» - өте жұмсақ мінез иесі. Ешкімге зияны жоқ адам.

«1122» - досқа да, дұшпанға да бірдей көзқарастағы, ешкімге жамандық ойламайтын қарапайым мінез.

«1121» - жұрттың бәріне сенгіш, адал, ақкөңіл адам.

«1111» - өзгеше көзқарас иесі. Ол көп нәрсеге басқа қырынан қарайтын ұшқыр ойлы адам. Қызуқандылық пен эгоистік мінезі де жоқ емес. Тік мінез, сондықтан да көп конфликтке барады.

«1212» - рухы мықты адам. Алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын оптимистік көзқарас иесі.

«1211» - өзін-өзі қазбалап, ішкі жан-дүниесін қопарумен әуреленіп жүретін адам. Сондықтан да ол айналасындағыларға ашыла беремйді, тұйық. Сыртқа бос былбыр боп көрінгенімен, оның «өзі дегенде өгіз қара күші» бар. Мұндай адам үндеемй жүріп көп іс тындырады.

«2112» - мінезі жеңілтектеу, барлық нәрсеге жеңіл қарайтын адам. Әйткенмен, мұндай адам басына нендей қиындық түссе де өз-өзін жылдам «тауып» алатын, құлап қалса жылдам орынан тұра алатын адам. Оны жолы болғыш адам деуге де болады. Досы да, қызығушылығы да көп.


Бұл психологиялық тест алғашқы кездесуде-ақ адамның мінез кітабының алғашқы беттерін «ашып оқуға» көмектеседі. Ал, қолына қарап адамды танудың басқа тәсілдерін алдағы уақытта «психология» рубрикасында назарларыңызға ұсынатын боламыз. Ал, сіз қолға байланысты қандай тест білесіз? Коментарий жазып, білетініңізбен бөлісіңіз.

Дайындаған Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Осы ЕКІ нәрсені білсеңіз, 2019 жылы МАҚСАТыңызға ЖЕТЕСІЗ!


2019 - Сіз үшін ҚАНДАЙ ЖЫЛ болмақ? (тест)