ОТЫЗ минутта энергияны көтеретін 6 әдет

0
195

Әрқайсысына 5-ақ минут арнайсың!


ОТЫЗ минутта энергияны көтеретін 6 әдет

Фото: avtokoreec22.ru

Көбінесе біз бойымда энергиям көбейгенде жұмысты бастаймын дейміз. Ал энергия жұмыс істегенде пайда болатынын ойламаймыз. Дәл сол сияқты біреу киноға, кафеге, дүкен аралауға немесе саябаққа серуендеуге шақырса "көңіл күйім жоқ" деп, үйден шыққымыз келмейді. Ал көңіл күй жаяу серуен, би, жылы әңгіме, қозғалыс кезінде көтерілетінін ескермейміз.

Бұдан не түсіндік? Қимыл-қозғалыспен бірге энергия көтеріледі. Жақсы эмоциялар қуат береді, ал реніш, ашу сияқты эмоциялар энергияны "жейді". Демек, таңғы жаттығу, таңертеңгі 10 мың қадам, таң намазы, ұйқыдан тұра салып шүкіршілік күнделігін жазу, аффирмация айту т.б. сияқты іс-әрекет пен әдеттер энергияны көбейтетін механизм.

Мысал: Ертең маңызды жоспарларыңыз бар, бірақ көңіл күй жоқ болса – энергия төмен, әрекетке бармайсыз. Керісінше, мұғалім балаңызды мақтаса немесе сайыста жүлделі орын алса, қуанып көңіл күй жоғарылайды. Бұл шабыт пен энергияны арттырып, әрекет күшейеді. Көңіл күй көтерілсе, энергия да, әрекет те күшейеді.

Олай болса, таңертеңгі көңіл күйді автоматты түрде көтеріп, бүкіл күнге энергия беретін ритуалдарды міндетті түрде орындау қажет. Бұлар ғылымға да, психологияға да сүйенген тиімді әдеттер.


1. Ыстық су ішу

Таңертеңгі бірінші әрекет – 1 стақан ыстық су ішу. Бұл ағзаны “стартқа түсіретін” ең жеңіл тәсіл. Асықпай отырып 200-300 мл ыстық су ішуге небәрі 2-3 минут жұмсалады. Ал бұл:

• ағзаны оятады

• миға оттегі тасымалын жақсартады.

2. Тыныс алу жаттығуы

10-20 рет терең дем алу — көңіл күйді 15–20% көтереді, бұл нейробиология дәлелдеген. Ал сіз оған небәрі 5-ақ минут арнайсыз.

5 секунд дем алу → 5 секунд ауаны өкпеде ұстап тұру → 5 секундта шығару.


3. Созылу жаттығулары

Тік тұрып, қолды көтеріп оңға-солға бұрылу, еңкею, шалқаю, басты, иықты айналдыру, қол-аяқты сермеу, керілу, кеудені керу т.б. Осы секілді созылу жаттығуларын 5-ақ минут орындау - тәнді, миды оятады, энергияны күшейтеді.


4. “Шүкіршілік" блокноты

Күнде үш шүкір жазыңыз. Өзіңізге алғыс жазсаңыз да болады. Таңертеңгі шүкіршілік, алғыс сезіміне толы 1 сөйлем күнді 25% жақсы бастатауға сеп болады екен. Бұл миға жаңа бағдар береді. Түрлі негатив автоматты түрде өшеді. Бұл әдетке де күніне 5-6 минут қана кетеді.


5. Бүгінгі күнге жоспар құру

Бүгін қайда барасыз? Не сатып аласыз? Кімдермен жолығасыз? Не істейсіз? Таңнан кешке дейінгі әр сағатыңызды жоспарлаңыз. Бұл да көңіл күйді жоғарылатып, энергияны арттырады.


6. Таңғы "кішкентай ләззат"

Бұл сізді қуантатын кішкентай нәрсе. Мысал:

  • сүйікті шай, кофе
  • айнаға қарап аффирмация айту
  • әдемі музыка
  • хош иісті крем жағу
  • шоколад
  • балаңды құшақтау

Қайсысы сіздің көңіл күйіңізді бірден көтереді? Таңдап алыңыз, орындаңыз. Бұл әрекет миға “қуаныш” гормондарын шығарады.

Осы 6 әдетке небәрі жарт-ақ сағат жұмсалады. Ерінбей он күн орындасаңыз, кішкентай әдеттердің ғаламат энергиясын байқайсыз.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Мақсатқа ЖЕТКІЗЕТІН өте жеңіл ӘДІС

Тойды ҚАЛАЙ артық ШЫҒЫНСЫЗ әрі сәнді ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?