«Ойласаң, бұл дүние шолақ екен, адамзат бұл дүниеге қонақ екен» дегендi кiшкентайыңыздан естiп өскен боларсыз. Дәл сол сияқты мектепте Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдерiнен «Жан тәнге қонақ» дегендi кездестiргенiңiздi де есiңiзге түсiрiңiзшi. Бiз осы жанға, ал тұрып жатқан үйiмiз – тәнiмiзге ұқсайды. Тән = үй. Дұрысы, бір-бірімен тығыз байланысты.
«Ойласаң, бұл дүние шолақ екен, адамзат бұл дүниеге қонақ екен» дегендi кiшкентайыңыздан естiп өскен боларсыз. Дәл сол сияқты мектепте Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдерiнен «Жан тәнге қонақ» дегендi кездестiргенiңiздi де есiңiзге түсiрiңiзшi. Бiз осы жанға, ал тұрып жатқан үйiмiз – тәнiмiзге ұқсайды. Тән=үй. Дұрысы, бір-бірімен тығыз байланысты.
Мен бұл теңдік арқылы тән ауруларынан дәрісіз, жылдам емделудің бір әдісін түсіндіргім келеді. Тұрып жатқан үйіңізді реттеу арқылы тәніңіздегі кейбір кеселдерден оңай құтыла аласыз. Үйiңiздi қажетсiз, ескiрген, қираған заттардан тазалау – ағзаның өздiгiнен шлактан тазалануына септiгiн тигiзедi. Бұзылғанды жөндеп, жыртықтарды бүтiндегенде, тәнiңiздегi кей сырқат өздiгiнен жоғалады. Егер, байқасаңыз, кез келген ауруды емдеу үшін иммунитетті көтеру керек.
Иммунитеті төмендеген адам ауруға бейім болмай ма? Үй де сол сияқты.
Сонымен, үй «иммунитетінің» кемігенін қалай анықтауға болады? Шаңырағыңызда ұрыс-керiс жиi орын ала ма? Жұмыстан үйiңiзге қарай аяғыңыз тартпай тұра ма? Өзiңiздi жайсыз сезiнiп, шаршап, ешнәрсеге зауқыңыз соқпай төсекте жата бергiңiз келе ме? Үйiңiзде қаражат та тұрақтамай қойды ма? Отбасы мүшелерiнiң арасынан татулық қашып, олар бiр-бiрiн көргiсi келмейтiн болған ба? Осының барлығы үй қуатының кемiгенiн бiлдiредi.
Жалпы, үйдегi қуаттың кемiгенiн мынандай белгiлерге қарап та анықтауға болады: тарақан, құмырсқа, бүрге секiлдi жәндiктер, тышқан пайда болады, бөлме гүлдерiнiң кейбiрi өздiгiнен қурап қалады, электр шамы жиi күйедi, тұрмыстық техникалық құралдар күйiп, бұзылып iстен шығады, үйде жағымсыз иiс пайда болады, асүй немесе жуынатын бөлмедегi су құбыры бұзылады т.б. Осы белгiлердiң үшеуi сiздiң үйiңiзде бар болса, онда ертерек үй қуатын арттыруға кiрiскенiңiз жөн.
Қалай? Тән=үй дедік қой, түсінген адамға еш қиындығы жоқ. Бұл жерде ешқандай маманға жүгінбей-ақ қойыңыз. Тек ағзаңыздың жұмысына мән беріңіз. Өз ағзаңыздан ақылды ешкімді таба алмайсыз.
1. Қажетсіз, түкке пайдасы жоқ, артық ас қалдықтарын, шлактарды ағза автоматты түрде сыртқа шығарады. Уақытылы шығармаса не болады? Жайсыздық, сосын ол белгілі бір ауруға ұласады. Өз үйіңізде өзіңізді неге жайсыз сезініп жүргеніңізді ұққан боларсыз. Не істеу керек? Әрине, үйдегі ескi немесе 3-4 жылдан берi қолданылмай тұрған заттарды, киімдерді қажет еткен адамға берiңiз, я болмаса қоқысқа тастаңыз. Жиегi кетiлген, сынған, шытынаған ыдыстарды, сувенирлердi үйден шығарып тастаңыз. Жаңа болса да істен шыққан, жөнделмейтін телефон, теледидар, планшет, үтіктерді қимай жүрген боларсыз, қолдануға жарамаса үйде сақтамаңыз.
2. Тәніңіз күнде екі мезгіл жуынып шайынуды және аптасына бір рет моншаға баруды қажет етеді. Үйді де солай тазартыңыз. Газ плитасы, қазан, шәугiм және ванна мен әжетхана әрдайым таза болғаны дұрыс. Сондай-ақ, пайдаланған ыдыс-табақтарды келесі күнге қалдырмай, сол күні жуу керек. Кiр киiмдердi де уақытылы жуған жөн.
3. Есік-терезелерді ашып желдетіп тұруға дағдыланыңыз.
4. Үйді тазалау – ағзаны тазалаумен тең. Енді терідегі кейбір жарақат, жаралардың жылдам жазылғанын, сынғыш тырнақ пен түсе беретін шаш емделсін десеңіз, түймесi үзiлген, қалтасы жыртылған киiмдердi, төсек-жаймаларды тiгiп бүтiндеңiз, сырмасы бұзылған сөмкелерді, етіктерді жөндетіңіз. Немесе үйден шығарып тастаңыз. Су құбырынан үнемі су тамшылап тұрады ма? Бұл ағза қуатының сарқылуына ғана емес, сонымен бірге табысыңыздың судай ағып кетуіне де себепші болады.
5. Үйіңіздің атмосферасына және өзіңіздің көңіл күйіңізге көп көңіл бөліңіз. Бөлме гүлдерін өсіріңіз. Хош иісті ауа тазартқыштарды пайдаланыңыз. Мұңлы емес, көңiлдi әуен тыңдаңыз.
Үй арқылы Тәнді емдеудің бастапқы осы «процедурасын» жасап, тәнiңiз бен тұрып жатқан баспанаңыздың бiр-бiрiмен қаншалықты байланысты екенiне көз жеткізіңізші. Егер, сіз ТӘН=ҮЙ теңдігімен келіссеңіз, ары қарай әр мүшені сауықтырудың, семіздіктен оңай құтылудың формулаларымен таныстырамын. «Ә» әрпімен танысу үшін бірінші «А» әрпін жазып үйренесіз ғой, сол сияқты алдымен, осы теңдікті растаңыз! Нәтижесін жазыңыз!
Жазира СМАҒҰЛОВА.