Тарағына қарап-ақ ОЛ туралы білуге болады (тест)

0
10 709

Оның тарағы қандай?


Тарағына қарап-ақ ОЛ туралы білуге болады (тест)

Әйелдің қайда барса да өзімен бірге алып жүретін серігі не деп ойлайсыз? Иә, ол – тарақ. Қыз-келіншектің күнделікті пайдаланатын тарағына қарап та, оның мінез-құлқынан қысқаша мағлұмат алуға болады дейді психологтар.

Қане, ендеше әйеліңіздің немесе сүйіктіңіздің тарағын есіңізге түсіріңіз. Мына суреттегі тарақтардың қайсысына ұқсайды?



№1 ТАРАҚ

Нәзік болмыс иесі. Еркектер көбіне мұндай әйелдерді өмірінің, қызметінің музасы санайды. Өйткені бұл әйел еркекке шабыт береді, көп ақша табуға өзінің мотивациялық сөзімен ғана емес, ешкімге ұқсай бермейтін әдемі жаратылысымен алға сүйрейді.

Кеңседегі қым-қуыт жұмыс оныкі емес. Ол үйдің жылулығын сақтап, бала тәрбиелеп, өзіне-өзі күтім жасап отыратын әйел. Бұндай қыз-келіншектерден жақсы әйел, салиқалы ана шығады.

Ол салмақты, сөз саптауы жанды тебірентеді, мақамы өте жағымды. Ұрыс-керістен аулақ, тіпті ол ешкіммен ұрыса да алмайды. Жаны нәзік болғандықтан жылап қала салады. Сондықтан ер адам оны әрдайым қорғағысы, оның жағдайын жасап, үлде мен бүлдеге орап, көңілін тапқысы кеп тұрады. Өйткені оның күлкісі де, жылағаны да, бәрі-бәрі әдемі.


№2 ТАРАҚ

Мінезді әйел. Оның мінезі де, ісі де еркекке ұқсайды. «Әйел мен еркек түзде де, үйде де – тең» дейтін девизді ұстанады.

Расында да өте күшті, қуатты әйел. Тағдырдың тауқыметі, отбасылық мәселелер оны күйрете алмайды. Ол кез келген тығырықтан жол тауып шығуға епті.

Жауапкершілікті бірінші орынға қояды. Өзіне сенімді. Иә, мұндай әйелмен бірге тұру сәл қиындық тудырғанымен, онымен бірге өмір сүру қорқынышсыз. Ол өмірдің дауылына да, ыстығына да шыдамды.


№3 ТАРАҚ

Мейірімді жан. Мінезі жұмсақ, айналасындағы адамдарға да, үй жануарларына да қамқор. Ешкіммен дауласпайды, айтысып-тартыспайды. Көнбіс, төзімді. Икемге тез келеді. Кез келген жағдайды терең жанымен ұға алады.

Ол айнымас дос, әркез көмектесуге дайын әріптес және түсінігі мол жар. Кейбір еркектер үшін алғашқыда бұндай әйел жалықтырғыш, қызықсыз боп көрінуі мүмкін. Бірақ ол асүйде өте шебер, үйдің берекесін сақтауға, сүйіспеншілікті нығайтуға бар күшін жұмсап, тіпті отбасы бақыты үшін ол өзінің армандарын, өзін құрбан ете алатын әйел.


№4 ТАРАҚ

Идеалист. Үйде де, жұмыста да ұқыптылықты, тәртіпті қалайды. Ол үшін әр зат өз орнында тұруы керек. Әр күні жоспарлы. Өзінің бағасын біледі, мақсатынан айнымайды.

Ақшаны жинауда, оны үнемдеп орынды жұмсауда өте сауатты. Сондықтан да бұндай әйелді айналасындағылар «Күйеуін байытатын әйел» деп атайды.

Ол Омар Хаямның «Не болса соны жей бергенше, аш жүрген жақсы. Кім болса сонымен дос бола бергенше, жалғыз жүрген жақсы» деген ұстанымымен жүреді. Бұндай әйелдер қателіктен қорқады. Өте сақ. Тәуекелге бара бермейді.

Ол үшін бірінші орында – денсаулық. Сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанатын, әрқашан өзін-өзі дамыту жолында жүрген еркектермен қарым-қатынас құруды көздейді.


№5 ТАРАҚ

Оқиғасы көп қыз. Оның жүрген жері – оқиға. Өзі де, ойы да еркін. Алдағы сағатты, ертеңгі күнді ойланып жатпайды. Сондықтан да шытырман оқиғаларға тап болып жүргені. Жоқ жерден басына проблема тауып алатын да – осы қыз.

Ешнәрсені алдын ала жоспарламайды. Аяқ астынан шешім қабылдай алады. Ол түнде сізбен бірге думанды отырыста болса, таңертең басқа қалаға жолға шығып кете салуы да мүмкін. Қуаты мол. Думанды ортаны, қызылды-жасылды өмірді ұнатады.

Бұндай әйелдер «Адам өмірге бір-ақ келеді, бәрін көру керек» деген ұстанымда. Сондықтан болар, өмірдің ащысынан да, тұщысынан да қорықпайды. Қателессе, сүрінсе, үстін қағып қайтадан орнынан тұрып кете береді. Ой тұңғиығына батып, өзін-өзі іштей жазғырып, басқаларды кінәлауға уақытты да, жүйке жасушаларын да шығындамайды. Өмірге де, мәселелерге де жеңіл қарайды.


№6 ТАРАҚ

Өзіндік ойы бар әйел. Оны қатып қалған қағидаларынан көзқарасын өзгертуге талпынбай-ақ қойыңыз. Өмір сүру салтын да, тіпті жұмысын, киім кию, шаш қою үлгісін де өзгерте алмайсыз. Өйткені ол үшін бірінші орында – тұрақтылық. Ол өмірін жақсартуға, ақшасын көбейтуге, баспанасын кеңейтуге талпынбайды. Жайлы орнын, жылы пәтерін және ай сайын қолына алатын жалақысын қанағат тұтады.

Өте қанағатшыл. Өзгелердің өмірімен өзінікін салыстырып, аламанға түсіп, жанталасқанды ұнатпайды. Бұндай әйелмен өмір сүру оңай әрі тыныш.


Дайындаған: Т. ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Әйел босанған соң НЕГЕ салмақ жинайды?»: дәрігер психологиялық себебін түсіндірді


ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ 5-ақ минутта ЖЕҢУГЕ болады