Жаман ойды жылдам "қуатын" техника

0
2 275

Жаман ой жамандықты шақырады.


Жаман ойды жылдам

Фото: союзженскихсил.рф

Ой затқа айналады дейді зерттеуші ғалымдар. Әсіресе, қайта-қайта санада сурет боп салына берген ой жылдам материяға айналады. Иә, бүгінде барлықдерлік адам кез келген ойдың ерте ме, кеш пе әйтеуір орындалатынын біледі. Бұған өз өмірлерінен көп дәлел келтіре алады.

Бұл туралы мыңдаған кітап жазылған. Коучтар да әлеуметтік желілерде «Өміріңді өзгерткің келсе – ойыңды өзгерт» деп айтып жүр. Сондықтан бұл жөнінде созбалақтамай-ақ қоялық. Одан да алға қадам басуға тұсау, жетістікке жетуге кедергі боп, сәтсіздікті шақырып жүрген күдік араласқан жаман ойға санамыздан қалай орын бермеуге болатынын іздейік.

Оның несі қиын, тек позитивті ойда жүру керек дейді кейбіреу. Дұрыс-ақ. Бірақ айтуға оңай болғанымен, жағымсыз ойға беріліп қоя беретініміз анық. Өйткені ой – жүйрік.


Мысалы: Қанша рет «жақсы ойда бол» дегеніңізбен, анаңыз алыстағы студент қызын біреу алдап кете ме деп, ал әскердегі ұлын біреу ұрып өлтіріп қоя ма деп ойлайды. Перзенті жолға шықса, ол үйге жеткенше сан түрлі жаман ой ата-ананың басын жаулап алады. Дәл сол сияқты әр адамның өз уайымына араласқан жаман ойлары күн сайын санасын сығалайды.

Әрине, егер ой қолға ұсталатын болса, бастан алып қоқысқа лақтырып тастауға болар еді. Амал жоқ, жағымсыз оймен ойша күресіп қана жеңе аласыз. Есте ұстаңыз, жаман ойдан бірден құтыла алмайсыз, бірақ оны дер кезінде қууға болады. Осылай бірте-бірте оны алыстатып, жолатпайтын боласыз.


Бұл орайда психологиялық әдіс-тәсіл көп. Біз ең оңай әрі жылдам әсер ететін бір техниканы ұсынамыз. Ол – «Қарсыласу техникасы» деп аталады.


«Қарсыласу техникасы»: Сөзбен емес, оймен қарсыласасыз. Әрине, жаман ойды жақсы оймен қуу қиынырақ. Сондықтан жағымсыз ойға қарама-қарсы ойдың картинасын елестету әдісін қолданасыз.

Мысалы, пәтер жалдап тұрасыз делік. Жасыңыз болса 40-тан асып барады. Ақша жинайын десеңіз, бала-шағадан артылмайды. Мұндай адам пәтерақыдан немесе әр үш-төрт ай сайын жаңа пәтер іздеуден қиналғанда «Өмір бойы пәтерде жүрсем қайтпекпін?», «Балам екеу-ақ болғанда, осы уақытқа дейін пәтер сатып алар едік қой» дегенді ойлайды. Осы секілді ой (әркімдікі мәселесіне қарай туады) келе қалса, дереу визуализация жасайсыз. Яғни қалауыңыздағы баспананы сатып алғанызды, әдемі жиһаздарды орналастырғаныңызды көз алдыңызға келтіріңіз. Немесе қоныс той өткізіп жатқаныңызды, ағайын-туыстың шашу шашып босағаңызды аттағанын ойша анық көре біліңіз. Жаман ой сананыңдан өшкенше қайта-қайта жағымды картинаны ойша көріп, қиялдай беріңіз.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқығыз:


Босанған әйелді депрессияға түсіретін 9 себеп

«Бала үшін» некені сақтаған дұрыс па?