Алматы облысында шекара заставасы аумағынан өрт шықты: қаза тапқандар бар

0
91

Қызметтік үйден шыққан өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.


Алматы облысында шекара заставасы аумағынан өрт шықты: қаза тапқандар бар

Sputnik / Виктор Толочко

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты, деп хабарлайды шекара қызметінің баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.
Өртті ТЖМ күштері сөндірді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.