Сараптамалар бойынша қыздың жатырынан сәби кесіп алынған.
Фото: people.com
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Мичиган штатында әйел өз қызы мен оның сәбиін өлтіргені үшін күйеуімен бірге айыпталуда, деп жазады Stan.kz.
23 қарашада 22 жастағы Ребекка Парктың денесі табылды. Ол бір айдай із-түзсіз жоғалған болып есептелген. Сараптамалар бойынша қыздың жатырынан сәби кесіп алынған. 2 желтоқсанда прокуратура Кортни және Брэдли Бартоломьюға Парктың анасы мен әкесіне қатысты айыптар қойды.
Тергеу дерегінше, 3 қарашада олар қызды орманға апарып, оның жатырынан сәбиін кесіп алған. Осылайша, Ребекка да, сәби де аман қалмаған. Прокурор Кортни мен Брэдлидің әрекеттерін "таза зұлымдықтың көрінісі" деп атаған.
Сондай-ақ қылмыс жасалған күні Кортни 14 жастағы ұлына тыныштандырғыш беріп, оны видеода "түнде анасы жанымда болды" деп айтуға мәжбүрлеген. Алайда бала дәрінің әсерінен нақты не болғанын есінде сақтамайтынын айтқан.
Кортни мен Брэдли Бартоломьюға ауыр қылмыстар бойынша алты айып тағылып, әрқайсысы өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін. Қазір олар кепілсіз қамауда отыр.


