ТЕСТ: Сізге қандай түсті далап жарасады?

0
5 444

Қыз нәзіктігін арттырып тұратын далаптың біздің косметикаға арналған сөмкемізден үнемі табылатыны рас. Ең көп қолданатын косметикамыз да далап шығар, иә?


ТЕСТ: Сізге қандай түсті далап жарасады?

Бірақ сәтсіз таңдалған далап сіздің келбетіңіздің көркін кетіруі де мүмкін. Сол үшін оның реңкін киімге, аксессуарға, бетіңіздің және ерніңіздің формасына, сондай-ақ далаптың түріне байланысты таңдау керек. Оның өзіндік бірнеше құпиясы бар. Оны біз төменде ұсынатын боламыз. Алдымен, тест сұрақтарына жауап беріп, соңынан өзіңізге жарасатын далап түсіне таңдау жасаңыз.

  1. Ерініңіздің пішіні қандай?

- томпақ әрі жалпақ - 3

- үстіңгі ерін астыңғысынан үлкенірек - 2

- жіңішке ерін - 1

2. Теріңіздің түсі?

- Ашық түсті - 3

- Қараторы - 2

- Қара өңді - 1

3. Шашыңыздың қандай түсті?

- Қара - 3

- Жирен, қоңыр шашты - 2

- Ашық - 1

4. Көзіңіздің түсі қандай?

- Қоңыр - 3

- Көк – 2

- Қара - 1

5. Тісіңіздің саулығын бағалаңыз?

- 4 - 3

- 3 - 2

- 2 - 1

6. Көбіне киіну стиліңіз қайсы топқа жатады?

- Үнемі көйлек пен белдемше киіп жүремін - 3

- Casual – 2

- Спорттық киіммен - 1

7. Макияж жасағанда басымдықты неге бересіз?

- Ерінге - 3

- Көзге - 2

- Тонға – 1

Жоғарыдағы сұрақтарға жауап беріп болсаңыз, ұпайларыңызды есептеп қорытындысын оқыңыз!

* Егер сіздің жинаған балыңыз 21 мен 17-нің арасы болса, сізге көзге бірден түсетін ашық түстерді қорықпай қолдана беруге болады. Жалпы бұл бойжеткендерге барлық түсті қолдануға рұқсат. Құмарлық түсі саналатын қызылдан бастап, нәзіктің белгісі болатын жылтыр реңктерге дейінгі барлығы жарасымды. Тек оларды киімнің түсіне қарап қолданыңыз.

* 10-17 аралығында ұпай жинасаңыз сізге тым қою реңктер келмейді. Керісінше бейтарап түстерге көбірек таңдау түсіріңіз. Тек ерінге ерекше назар түсіргіңіз келсе, қаламмен шетін сызып шығуға болады. Бірақ қалам сіздің далабыңыздың түсімен бірдей болсын.

* Ал он ұпайдан төмен болса, сізге өзіңіздің табиғи сұлулығыңызды барынша сақтаған дұрыс. Тым қып-қызыл түс келбетіңізді аша қоймайды. Бірақ қызғылт түстерді және нәзік көрсететін жылтыр бальзамдарды ерініңізге жиі жағып әйелдік болмасыңызды арттыра түсіңіз.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ