Шетелге саяхаттағанда саябақтарға да барасыз ба?
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Сіз демалыс күндерін қалай өткізесіз? Түске дейін ұйықтайсыз ба, әлде таңертең спортзалға барып, кітап оқып немесе кино көресіз бе? Қалай болғанда да, қазір демалысты өткізудің түрлі әдісі бар. Солардың ішіндегі негізгі бағыттарының бірі – саябақта серуендеу. Мұнда адамдар көбіне таза аумен тыныстап, кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың басында өнер адамдары саябақтарды сахна ретінде жиі қолданған. Сондықтан, бүгін оқырман назарына әлемдегі ең атақты, ең танымал және туристер ең көп баратын саябақтарды ұсынып отырмыз. Шет елдердеге қыдырып бара қалсаңыз, осы орындарға бір барып көруге болады.
Орталық саябақ. Нью-Йорк.
Бұл саябақ әлемдегі ең ірі мегаполистің «өкпесі» десек те болады. ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған саябақ бірнеше рет қайта құрылған. Өткен ғасырдың 80-жылдарында ол Нью-Йорктің дәл орталығындағы қылмыстың ошағына айналады. Содан кейін оны қайта құруға кірісу туралы шешім қабылданған.
Люксембург саябағы. Париж.
Бұл саябақтың пайда болуына Мария Медичи атты тұлғаның тікелей қатысы бар. Ол әйгілі отбасының ұрпағы ретінде Парижге өзінің флоренциялық сәулет өнерінің бір бөлігін әкеліп, 1760 жылы Парижді қайта құрғаннан кейін, саябақтың айналасына тұрғын үйлер мен мекемелер салына бастаған. Ал, 20 ғасырдың басында бүкіл зиялы қауым Люксембург саябағының жанындағы Монпарнассе аймағында біріктірілген. Люксембург бағы салыстырмалы түрде кішкентай. Сондықтан онда ұзақ серуендей алмайсыз. Бірақ, ондағы тарихы терең орындықтарға отырып, кофе ішу немесе кітап оқу керемет әсер қалдырады. Содан кейін Монпарнассе гүлзарына барып, ХХ ғасырдың басында салынған әйгілі Le Dôme, La Rotonde, Le Select, La Coupole және la Closerie des Lilas кафелерінен тамақтана аласыз.
Гайд паркі. Лондон.
Саябақ 17 ғасырдың басында ашылып, көп ұзамай лондондықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. 1851 жылы Гайд саябағында бірінші дүниежүзілік көрме өткен. Қазір Гайд саябағы демалыс орны ғана емес, сонымен қатар концерттер, шерулер мен митингілер сияқты түрлі іс-шараларды өткізуге арналған алаң болып отыр. 2012 жылы Гайд-паркте Олимпиада ойындары аясында триатлоннан жарыстар өткен.
Петергоф. Санкт-Петербург.
Санкт-Петербург қаласының маңында әдемі сарай мен саябақ орналасқан. Оның іргетасын 1715 жылы Бірінші Петр қалаған. Сарай мен саябақ алдымен революция, соғыс, содан кейін Петергоф сарайлары мен саябақтарын ұзақ мерзімді қалпына келтіру секілді сынақтардан өткен. Бүгінгі таңда сарай мен саябақ бірден бірнеше саябақты қамтып тұр және әлемдегі ең үлкен саябақтардың бірі болып саналады. Сондықтан Петергоф саябағына бару үшін алдын-ала дайындалу керек. Өйткені ол аумақты толық аралауға бір күнге жуық уақыт кетеді.
Гуэлл саябағы. Барселона.
Талантты Антонио Гауди Барселонаны абаттандыру жолында осы саябақтың негізін салған. Ауданы 17 гектарды құрайтын саябақ сәулеті абстракционизм мен сюрреализмнің көрінісі болып саналады.
Кекенхоф паркі. Лиссе.
Амстердам мен Гаага арасындағы шағын қалада Нидерландыдағы корольдік гүлдер саябағы орналасқан. Көбіне Кекенхофты Еуропаның бағы деп атайды. Бірақ бұл таңқаларлық нәрсе емес. Өйткені саябақтың 32 гектар алқабына миллиондаған гүлдердің тұқымы себіледі. Саябақ үлкен қалалардан алыс болғандықтан, оған бару үшін бір күн уақыт қажет.
Фрогнер саябағы. Осло.
Фрогнер паркінде Вигеландтың мүсіні орнатылған. Норвегиядағы ең танымал саябақты әйгілі мүсінші Густав Вигеландт құрған. Аумағы 30 гектар болатын саябақта адами қатынастардың гаммасын бейнелейтін 227 мүсін бар.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Ұшақпен мұндай заттарды тасымалдауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ