​ҒАЛАМШАРЫМЫЗДАҒЫ үстінен ҰШАҚ өтпейтін 14 нысан

0
416

Осы жағдайдан кейін аты аңызға айналған саябақтың үстінен ұшақтың өтуіне тыйым салды


​ҒАЛАМШАРЫМЫЗДАҒЫ үстінен ҰШАҚ өтпейтін 14 нысан

Жердегі көлік жолдары секілді, аспанда да арнайы ұшақ жолдары сызылғанын білесіз бе? Әуе көліктері белгіленген сызықтан тыс жерлерден ұшпауға тиіс. Ал тиым салынған жерлерге мүлдем жақындауға болмайды. Жер шарында ұшақ ұшуға тиым салынған мынандай аймақтар бар.


Парфенон, Грекия

Афины акрополисінде орналасқан Парфенон – ежелгі дәуірдің ең танымал сәулет ескерткіштерінің бірі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға жататын тарихи нысан жыл сайын миллиондаған туристерді тартады. Ежелгі құрылымға ұшақтың шуы мен тербелістері зақым келтіруі мүмкін. Оны сақтау мақсатында Парфенонның үстінен әуе көліктерінің ұшып өтуіне тыйым енгізілген.


Даунинг-стрит, Ұлыбритания

Ұлыбритания премьер-министрінің резиденциясы орналасқан Лондондағы Даунинг көшесі де шектеулі аймақтардың бірі болып табылады. Бұл аймақтың үстінен ұшуға тыйым салу Үкімет басшысы мен оның қызметкерлерін қорғауға бағытталған қауіпсіздік шараларымен байланысты.


Букингем сарайы және Виндзор сарайы

Лондондағы Букингем сарайы мен Виндзор сарайы – британдық корольдік отбасының ресми резиденциясы болып табылады. Бұл нысандардың үстінен ұшуға тыйым салу монархияны ықтимал қауіптерден қорғау қажеттілігімен байланысты.


Диснейленд, АҚШ

2001 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Бүкіләлемдік сауда үйі ғимараттарына террористік шабуыл жасалғаны есімізде. Бұл қайғылы оқиға – жапа шеккен және ажал құшқандардың саны бойынша адамзат тарихындағы ең үлкен трагедиялардың бірі болды.

Осы жағдайдан кейін АҚШ-тағы аты аңызға айналған Диснейленд саябағының үстінен ұшақтың өтуіне тыйым салу ережесі енгізілді. Дәл осы себеппен аталған ел 30 мыңнан көп көрермен сиятын стадиондардың да жоғарғы әуе кеңістігін ұшақтар үшін жабық аймаққа айналдырды.

Тибет

«Әлемнің шатыры» деп әспеттейтін Тибет үстірті – планетадағы ең қиын және жұмбақ аумақтардың бірі. Тибеттің үстіндегі әуе кеңістігі ауа-райының қолайсыздығына және таулы жерлерге байланысты көптеген коммерциялық рейстер үшін жабық. Бұл биіктікте ұшу арнайы техникалық және навигациялық жағдайларды қажет етеді.


Мачу Пикчу, Перу

Перудегі Анд тауларында орналасқан ежелгі Инктердің қаласы – Мачу Пикчу да ұшу мүмкіндігі шектеулі аймақ болып табылады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген бұл археологиялық орын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристерді тартады. Бұл шара бірегей мәдени мұраны қорғау және құрылымдар мен қоршаған ортаның экожүйесіне зақым келтірмеу үшін қолданылған.


Солтүстік Корея
Солтүстік Кореяның әуе кеңістігі көбінесе жабық болады. Және көптеген елдер үшін бұл аймаққа ұшу қауіпті. Бұл елде саяси оқшаулану жағдайы орнағал және халықаралық санкциялардың көптігі де әсер етеді. Әскери қауіптер де ұшуларға кедергі келтіреді. Сол себепті әуе компаниялары Солтүстік Кореяның әуе кеңістігін айналып өтеді.


Ауғанстан
Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық, азаматтық соғыс және терроризм әуе рейстеріне қауіп төндіреді. «Талибан» қозғалысының белсенділігі мен елдегі тұрақсыздық ұшақтардың бұл аймаққа ұшуына тосқауыл болады. Ұшақтар әуе кеңістігін бақылау қиын болғандықтан, жиі бұл аймақты айналып өтеді.


Кытайдың Шыңжаң аймағы
Шыңжаң аймағындағы ұлтшылдық қозғалыстар мен саяси қысым әуе рейстеріне қауіп төндіреді. Қытай үкіметінің аймақтағы саясаты мен түрлі этникалық топтардың наразылықтары ұшақтарға қауіп тудырады. Бұл аймақтың әуе кеңістігі қатаң бақылауға алынған, сондықтан ұшақтар жиі бұл аймақты айналып өтеді.


Пәкістанның солтүстік аймақтары (Кашмир)

Пәкістан мен Үндістан арасындағы Кашмир аймағындағы қақтығыстар ұшуларды қауіпті етеді. Бұл аймақтағы әскерилер мен террористік топтардың белсенділігі ұшақтарға қауіп тудырады. Кашмирдегі саяси тұрақсыздық пен әскери операциялар әуе рейстерінің шектелуіне себеп болады.

Ирактың солтүстігі және Сирия

Сирияда ұшуға болмайтын аймақты енгізу туралы әңгіме осы елдегі азаматтық соғыс басталғаннан бері жалғасып келеді. Және бұл тек азаматтық емес, әскери ұшақтарға да қатысты. Аймақта Сирияның шығысы мен Ирактың солтүстігін басқаратын Ирак пен Леиванның ислам мемлекеті террористік тобы күшейгеннен кейін ұшақтар осы шөлді жерлерді айналып өтеді.


Сомали аралы

1990 жылдары басталған азаматтық соғыстың нәтижесінде Сомали бірнеше тәуелсіз мемлекеттік құрылымдарға бөлінді. Олардың кейбіреулерінде террористік топтар белсенді шабуыл жасайды. Мысалы, жақында Кениядағы университетке шабуыл жасаған "Аш-Шабаб". Исламистердің қолында азаматтық ұшақты құлатуға болатын өте маңызды қару болуы мүмкін.


Ливия

Ливия үстіндегі әскери ұшақтарға арналған ұшуға болмайтын аймақ 2011 жылғы Азаматтық соғыс кезінде енгізілді, ал елде жалғасып жатқан қарулы қақтығыс азаматтық авиацияны айналма жолдарды іздеуге мәжбүр етті. Соғыс басталғанға дейін Ливия әуе лайнерлеріне зиян келтіретін жеткілікті қару — жарақ сатып алды.


Сенкаку Архипелагы

2013 жылы Қытай Жапонияның іс жүзінде бақылауындағы Сенкаку аралдары аймағындағы Шығыс Қытай теңізінің даулы аймақтарына ұшуға біржақты шектеулер енгізді. Әлемдік қоғамдастықта бұл қадам заңсыз деп саналды. Қытай, Жапония және Тайвань арасындағы қақтығысты бастағаннан кейін әуе реттеушілері бұл аймаққа аз болса да сақтықпен қарауға кеңес берді.

Дайындаған: Б. Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Жер шарындағы ЕЛЕС пен ЕСТЕЛІКке толы ТАСТАНДЫ аралдар