Бұл аралдардың әрқайсы өзінің қызықты тарихымен, құпиясымен ерекшеленеді.
көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден
Әлемде бұрын адамдар қоныстанған, тіршілігі қыз-қыз қайнаған, бірақ қазіргі уақытта тірі жан қалмай, тастандыға айналған аралдар бар. Олардың көпшілігі түрлі тарихи, мәдени және табиғи елеулі оқиғалармен байланысты. Бір кездері мұнда балалар асыр салып ойнайтын, біреу жұмысына асығатын, ал енді бірі дүкен аралап, керегін алатын. Ал қазір қаңыраған бос үйлер мен елес кезген көшелер.
Ондағы тұрғындар қайда ғайып болды? Мекенін, үйін тастауға не мәжбүр етті? Бірнешеуінің тарихымен тереңірек танысайық.
Хасима аралы, Жапония
Бір кездері мұнда қызу тіршіліктің лебі ескен, ал қазір қаңыраған қабырғалар арасынан жел ғана еседі.
Хасима – Жапония территориясына қарайтын шағын арал. 1960 жылдары тұрғындар саны көп болғаны соншалықты, халқының орналасу тығыздығы бойынша Токио қаласынан да асып түскен. Аралдағы үйлер бір-біріне өте жақын, жапсарласа-жабыса жайғасқан. Тіпті кейбіреулері бір-бірінің үстіне мінгесе түскен. Оларды көпқабатты ғимарат деуге де, үйшіктер деуге де болады. Шатырлар арасында көпірлер тартылып, тұрғындар сол жол арқылы қатынады. Бос орынның аз болғаны соншалықты, балалар алаңда емес, шатырларда ойнайтын. Аралда кинотеатр, мектеп және тәттілер дүкені болған.
Аралдың қойнауында көмір шахталары болды. Сонда еңбек етіп, нәпақамды табамын дегендердің бәрін құшағын жая қарсы алып, тар кеңістігіне сыйғыза білді. Бірақ 1974 жылдары Жапония көмірдің «өткен ғасырда» қалғанын түсініп, шахталарды жауып тастады. Адамдар бірнеше апта ішінде аралдан көшірілді, ал бетонды қала сол қалпы қалды.
Бүгінде тұрғындары болмаса да, туристер жиі барып, тынысын ашып кетеді. Себебі экскурсиялық саяхатқа есігі ашық.
Холланд аралы, АҚШ
XIX ғасырда бұл кәдімгі балықшы аралы еді, онда шаруалар отбасымен тұратын. 70 үй, мектеп, шіркеу, пошта, жақсы уылдырық және көп картоп болды. Мектеп демалыссыз жұмыс істеді. Холланд тұрындары үшін ең бағалы валюта – отын болды. Мұндағы көршіге бару дегеніміз – бір көше бойындағы үйге бару емес, қайыққа отырып, ең жақын оналасқан үйге дейін жүзу.
Тұрғындардың осындай өзгеше әрі мамыражай тірлігін табиғат бұзды. 1914 жылы аралды су басып, бірінші болып шіркеу су астына кетті. Су деңгейі бірте-бірте көтеріліп, 2010 жылы соңғы үйі суға батты.
Қазір Холланд – суға батқан естеліктер мекені. Егер су қайтып, деңгейі аздап түскен уақытына тап келсеңіз, құрлықтың кішкентай бір бөлігін көре аласыз. Ал егер кешіксеңіз, су астындағы саяхат ұйымдастыруға тура келеді. Себебі ғимараттардың қалдықтары су астына әлі де сақталған. Туристік сапар жасағыңыз келсе, кешеуілдемеңіз, уақыт пен су сізге қарсы жұмыс істеуде.
Повелья аралы, Италия
Повелья аралы Венецияға жақын орналасқан, бірақ оған саяхат жасау қауіпті. Бұл арал тарихы өте қарама-қайшы: бір кездері карантин аймағы болған, онда қараңғылық пен өлім белгілері байқалды. Артынан психиатриялық ауруханаға айналған. 1968 жылы аурухана жабылып, арал адам тұрмайтын орынға айналды. Қазіргі таңда Повелья аралына кіруге тыйым салынған, Сондықтан туристерге де есігі тарс жабық. Ал жергілікті балықшылар өз еріктерімен алыстан айналып өтеді.
Түнде мұнда неше түрлі дыбыстар естілетіні туралы аңыздар желдей еседі. Мүмкін, бұл тек желдің уілі шығар. Немесе құстардың сыңғыры, жапырақтың сыбдыры болуы ықтимал.
«Жай ғана жақын барып қалай тамашалауға болады?» десеңіз, ресми түрде ешқандай жол жоқ. Өз бетіңізше барғыңыз келсе, батыл әрі тәуекелшіл қайықшы табуыңыз керек. Сонда ресми емес жолмен жетуге болады.
Пачеджи аралы, Жапония
Пачеджи – Жапониядағы әйгілі тастанды аралдардың бірі. Бұл аралда бұрын медициналық мекеме болған. 1950 жылдары аралға бірнеше докторлар мен медбикелер қоныстанып, сол жерде жұқпалы ауруларға қарсы емдеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ кейіннен адамдардың аралдан кетуіне себеп болған оқиғалар мен қырғындардан кейін тастанды болып қалды. Бүгінгі таңда аралды көру үшін тек бірқатар экстремалды саяхатшылар мен фотографтар ғана барады.
Грета аралы, Швеция
Грета – Швецияның жағалауында орналасқан тастанды арал. Бұл жерде бірнеше ғасырлар бойы ауылдар мен ғимараттар болған. Бірақ 20 ғасырдың басында тұрғындары ауа көшуді бастаған. Аралда қазіргі кезде тастанды ғимараттар мен ауылдардың қалдықтары бар. Мұнда тек тарихи жәдігерлер мен көне ғимараттар сақталып қалды.
Пальмир аралы, Сирия
Пальмир аралы Сирияның жағалауында орналасқан және бұрынғы кездері теңіз саудасының маңызды орталығы болған. Қазіргі уақытта аралдың тұрғындары жоқ, бірақ онда тарихи ескерткіштер мен археологиялық орындар бар. Аралды саяхатшылар мен археологтар зерттеуге келеді, бірақ жағдайдың күрделілігі мен саяси тұрақсыздыққа байланысты бұл аймаққа кіру қиындаған.
Сент-Люсия аралы, Кариб теңізі
Сент-Люсия аралы — бір кездері гүлденген ауылдары мен туристік инфрақұрылымдары бар арал. Бірақ уақыт өте келе климаттық өзгерістер мен табиғи апаттар (мысалы, урагандар) оның тұрғындарын көшуге мәжбүр етті. Қазір бұл арал да табиғатпен қайта қалпына келіп, тастанды жерге айналды.
Кахау аралы, АҚШ
Кахау аралы — Гавайи архипелагының бөлігі. Бұл аралда бұрын әскери база мен радиациялық сынақтар жүргізілген. 1960 жылдары аралдың экологиялық жағдайы нашарлап, адамдарды көшіру туралы шешім қабылданды. Қазір аралды тек археологтар зерттеуде, ал оның табиғи экосистемасы қайта қалпына келеді.
Бұл аралдардың әрқайсы өзінің қызықты тарихымен, құпиясымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда тек зерттеушілер ғана емес, саяхатшылардың да асқан қызығушылығына ие. Олар экологиялық және тарихи тұрғыда ерекше мәнге ие, сондықтан бұл жерлердің табиғатын сақтау өте маңызды.
Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
НАУРЫЗда қай ЕЛГЕ барып, ЖАҒАЖАЙДА демалуға болады?