Қай елде демалыс арзан, үнемдеу оңай?

0
3 906

Шет ел шекарасында төмен бағада жоғары деңгейде демалу — бұл жалған жарнама емес. Ол расында мүмкін. Тек уақыт сәтіне дөп келсеңіз болғаны.


Қай елде демалыс арзан, үнемдеу оңай?

Фото: hotim-otdyhat.ru

Шет ел шекарасында төмен бағада жоғары деңгейде демалу — бұл жалған жарнама емес. Ол расында мүмкін. Тек уақыт сәтіне дөп келсеңіз болғаны.

Айталық, дәл қазір Грекияда дағдарысқа байланысты бағаның құлдырау кезеңі. Бұл елдің туристік қызметтерін де айналып өтпейді. Әсіресе, азық-түлік бағасы тым төмен. Бір ғана мысал, дәстүрлі грек ірімшігі — фетаның бір келісі 3000 теңге ғана тұрады. Сондықтан, тур бағасына тамақтануды қоспасаңыз, күнделікті ас-ауқатқа аз ақша жұмсап, үнемдей аласыз.

Ал егер арзан әрі визасыз ел іздесеңіз, Грузияны байқап көріңіз. Мұндағы жағажайлардың көпшілігі тегін болып келеді, кіру ақысын төлемейсіз. Ал, қонақүйге тәулігіне 4500-7500 теңге аралығында шығындалсаңыз болғаны. Аталған елде демалып қана қоймай, сауықтыру шипажайларында денсаулығыңызды да жақсарта аласыз. Грузия шипажайлары жайлы жақсы пікірге құлағыңыз қанық болар, олардың атағы кеңге жайылған емес пе?!

Жағажайда маужырамай, белсенді демалысты қалайтындардың көңілінен шығатын бірден-бір ел — Испания. Мұндағы экскурсия не тарихи орындарды аралау үшін орта есеппен 4000 теңге төлесеңіз болғаны. Құнақүйдің тамағынан бас тартып, жергіліктілерге арналған кішігірім таверналарда түстенсеңіз, қалтаңызға жеңілірек түседі.

Теңізге шомылу, тауға шығу, қызықты әрі тарихи орындарға саяхат... Мұндай демалыс түрлерінің бәрі арзан ел — Абхазия. Айталық, 3 сағаттық атпен серуендеу бағасы — 3500 теңгеден аз-ақ асады. Ал, тау өзеніндегі рафтинг үшін 5000 теңге шамасында, джиппинг үшін 8500 теңге шамасында ғана ақы сұрайды.

Қазақстан азаматтарына визасыз әрі арзан демалыс ұсына алатын тағы бір мемлекет — Белоруссия. Елдің туристік магниті — сауықтыру орындары. Ал, табиғат аясында тынығып, балық пен аң аулағыңыз келсе, шығыны аз туристік базаларды таңдаңыз.

Вьетнамда да 15 күнге дейін визасыз демала аласыз. Осы уақыт аралығындағы басқа да шығындарыңыз шектен шықпайды. Әсіресе, жергілікті тұрғындарға арналған қоғамдық орындарда тамақтансаңыз. Мұндай орында түстену бағасы бір адамға орта есеппен 1500-2000 теңгеге шығады.

Дәл қазір Түркияның «Бәрі қосылған» турлары да төмен баға маусымын «бастан кешуде». Екі адамға арналған турларды қарасаңыз, сәтті ұсынысқа кезігеріңіз сөзсіз.

Дайындаған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ