Қай елдерде КӨШІП барғаның үшін АҚША төлейді?

0
267

Вале кантонындағы Альбинен ауылы қоныс аударушыларға 13 335 500 теңге көлемінде көмек ұсынады


Қай елдерде КӨШІП барғаның үшін АҚША төлейді?

Солтүстік Америка мен Еуропа елдері жаңа тұрғындарына ақша төлеуге дайын. Олар ауыл аймақтарда немесе шағын қалаларда тұрғын санын арттыру үшін осындай шара қолдануда.


Греция

Грециядағы Антикитера аралында жастар өте аз. Көбісі қайнаған өмір, табысты жұмыс іздеп үлкен қалаларға кеткен. Жергілікті басқару мекемесінің бағдарламасы бойынша осы өлкеге көшіп келетін жандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ол аздай, ай сайын 275 000 теңге беріледі. Талап біреу ғана – Андикитера аралында үш жыл тұру керек.


Испания

Испанияның кез келген елдімекеніне емес, нақты Понга атты ауылына қоныс аударсаңыз, бірден миллионер боп шыға келесіз. Онда көшір барғандарға 1 650 000 теңге береді. Ал егер балаларыңыз болса, бұл сома екі еселенеді. Осы ақшаның өтемі ретінде сол жерде бес жыл өмір сүру керек.

Понга Мадрид қаласынан 550 шақырым қашықтықта орналасқан.


Италия

Италияда да көптеген елдімекендер қоныс аударушыларға қаржылай көмек ұсынады. Санто-Стефано-ди-Сессанио ауылында жаңа бизнес ашқысы келетіндерге 11 миллион беріледі. Және ай сайын тұрғын үй үшін 330 000 теңге төленеді. Бұл ауылда кемінде бес жыл тұрсаңыз болғаны, осынша «жақсылығын» толығымен өтейсіз.


Канада

Бұл ел әсіресе жас ғалымдарға қатты қызығушылық танытады. Оларды өз өңіріне тарту үшін бірқатар жақсы шарттар қарастырылған. Айталық, Онтарио провинциясында жастарға жұмысқа орналасу және құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар 6 581 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Ал мұнай-газ және ауыл шаруашылығы салалары дамыған Саскачеван провинциясы жұмысшыларды іздейді. Осы ауылға көшіп келген жағдайда, 2 342 500 теңге беріледі. Дегенмен, билік белгілі бір уақытпен шектелмей, осы жерде ұзақ уақыт тұрақтап қалуыңызды күтеді. Бәлкім, бір ғұмыр...


АҚШ

Америка Құрама Штаттары да азаматтығын алғысы келетіндерге төлем жасауға дайын. Тек бұл барлық штаттар мен қалаларға қатысты емес.

Challenge Detroit бағдарламасы бойынша Детройт қаласына қоныс аударушыларға көшу шығындарын өтеу үшін 1 309 200 теңге беріледі. Жұмысқа орналасуға және баспана жалдауға көмек көрсетіледі. Ал егер тұрғылықты жер ретінде Алясканы таңдасаңыз, жыл сайын 1 633 300 теңге көлемінде төлем төленеді.


Швейцария

Швейцарияда да көшіп-қонушыларға қосымша төлем қарастырылған. Вале кантонындағы Альбинен ауылы қоныс аударушыларға 13 335 500 теңге көлемінде көмек ұсынады. Дегенмен, бұл жерде бірнеше шарт бар. Біріншіден, жаңа тұрғынның жасы 45-тен аспауы тиіс. Екіншіден, Швейцария азаматтығы жоқ адам елде кемінде 10 жыл тұруы керек. Содан кейін Альбиненде тағы осынша уақыт өмір сүруі міндетті.


Исландия

Аталған ел «Старт-ап Исландия» бағдарламасын ұсынады. Оған сәйкес, елде кәсіп ашуға бел буған шетел азаматарына 50 мың доллар және бір жылдық виза ұсынады. Бұл елде өмір сүру және жұмыс істеу үшін аранйы рұқсат керек емесм, сондықтан, құжат реттестіру қиынға түспейді.


Эстония

Дәл осындай жағдай Эстонияда да жасалған. Ел аумағына көшіп барып, кәсіп ашқысы келетін шетелдіктерге бір жылдық виза мен 50 мың АҚШ долларын беруге шамасы жететін бай елдердің бірі.


Хорватия

Бұл елдің Леград аталатын елдімекенінің жаңа тұрғынына айналсаңыз, үйді 0,16 долларға сатып ала аласыз. Есесіне, оның жөндеу жұмыстары үшін мемлекет 4000 доллар ұсынады. Осы соманы алған жағдайда шынында да үйді жөндеуге жұмсағаның абзал. Өйткені алдағы он бес жылды сонда өткізуге міндеттеледі.


Чили

Чили астанасы Сантьяго қаласында шетел азаматы кәсіп ашуға өтініш білдірсеп, ел билігі 8 мың доллармен қаржыландырады. Сондай-ақ бір жылдық визаны сыйлыққа тарту етеді.


Англия

Англияда үнемі білім беру саласының қызмектерлері тапшы. Әсіресе, тіл мамандары мен физиктер қат. Сондықтан елге мұғалімдер көшіп барып, мамандығы бойынша қызмет етсе, 10 мың фунт стерлинг төлеуге дайын.

Аударған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ

«Жаңа жылда» саяхаттағыңыз келсе, ОСЫ ҚАЛАЛАРҒА БАРЫҢЫЗ