«Жаңа жылда» саяхаттағыңыз келсе, ОСЫ ҚАЛАЛАРҒА БАРЫҢЫЗ

0
666

Кештер мен шерулерден бастап, «ақ аю» атмосферасына дейін енуге болады.


«Жаңа жылда» саяхаттағыңыз келсе, ОСЫ ҚАЛАЛАРҒА БАРЫҢЫЗ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әр елдің мәдениетінде жаңа жылдық әдет-ғұрыптар: біреулер түгелімен ақ киім киеді, енді біреулер жүзім жеп жарысады. Копакабана жағажайында отшашу орын алса, Сидней айлағында таңғажайып шоулар өтіп жатады. Сондықтан жаңа жылдық демалыста саяхаттайтын бағытты дұрыс таңдаған жөн. Осы орайда оқырмандарға бірнеше тиімді таңдауды ұсынып отырмыз.


Эдинбург

Шотландтар жылдың соңғы күнін «хогманай» деп атайды. Жаңа жылдық алаңдарда алау шерулері мен отшашулар, кондитерлік өнімдер, вискидің түр-түрі болады және Отаны Шотландия болып саналатын «Auld Lang Syne» әні орындалады. Эдинбургтегі бақтарында концерттер мен би кештері ұйымдастырылып, үш күндік отшашу ұсынылады. Ал 1 қаңтарда көптеген адам қаладан 20 минуттық жердегі South Queensferry-ге барып, жыл сайынғы дәстүрлі Loony Dook жүзу іс шарасына қатысады.


Сидней

Сидней айлағы және онымен егіз нысандар – Опера театры мен Харбор көпірі 31 желтоқсан күні түн ортасында мұқият ұйымдастырылған отшашу үшін қызмет етеді. Кешкі мереке 19:30-да темекі шегу рәсімінен басталады, бұл тазарту және бірлік рәсімін аборигендік басшылар жүргізеді. Содан кейін көпір тіректеріне орнатылған шамдар жанып, жарықтандырылған кемелер айдынға шығып, жарық шоуы басталады.

Лондон

Темза өзені «Жаңа жыл» қарсаңында Лондондағы мерекелердің орталық бөлігі болып саналады. Лондон көшесі мен Биг Бен маңындағы Вестминстерде отшашу іске қосылып, түнгі 00.00-де 12 рет қоңырау шалады. 2014 жылдан бастап Британ астанасында өзен жағасындағы арнайы орындардың билеттері орналасқан жеріне байланысты 20-50 фунт стерлингтен сатылады. Егер сіз отшашуды тамашалаудың балама тәсілдеріне қызығушылық танытсаңыз, Меркурий Клиппер сияқты круиздерге тапсырыс беруді қарастырыңыз. Бұл арзан болмауы мүмкін, бірақ құнына тамаша жаңажылдық кеш пен тағамдар және дәмді шампан кіреді.


Рио-де-Жанейро

Жаңа жыл қарсаңындағы карнавалдан кейін Риода жылдың ең жарқын күндері басталады. Бұл мереке «Reveillon» деп аталады және Копакабана жағажайында үлкен отшашу ұйымдастырылады. Қатысушылардың барлығы ақ түсті киім киеді — бұл кандомбле мен умбанданың сенімдеріне байланысты афро-бразилиялық дәстүрлердің мұрасы екен. Бразилияда жаңа жылдық мерекеде киетін іш киімнің түсі де символдық мағынаға ие. Ақ және көк түс тыныштықты, қызыл құмарлықты және басқа түстер т.б. мағыналарды білдіреді, сондықтан киінгенде оған да назар аударыңыз. Сондай-ақ, мерекелік кешке баратын басқа адамдар да сіздің іш киіміңізді көре алатынын ұмытпаңыз. Дәстүр бойынша, жағажай кештеріне қатысушылар сәттілік әкелу үшін түн ортасында суға секіреді.


Ко Панган, Тайланд

Бұл Оңтүстік Тай аралы ұйқыға әлсіздерге де, ерте тұратындарға да қарамайды. Жаңа жылдық кеште құм үстінде диджейлер түрлі ән қойып, от шоулары ұсынылып, жарқыраған таяқшалар және неон бояуы бар стакандарға толы түнгі мереке өткізеді.

Прага

Чехия астанасы әрқашан назарда және Орталық Еуропадағы ең жақсы сәулет ескерткіштерін сақтаған мекен. Ескі қала мен Вацлав алаңдарындағы рождестволық базарларда бір күн өткізгеннен кейін, Прага мемлекеттік операсы, Клементин және Прага, Лобковиц сарайы сияқты керемет жерлерде классикалық музыка әуелейтін жаңа жылдық концертке барыңыз.

Соңғы жылдары бұл қалада экологиялық мәселелерге байланысты жалпықалалық отшашуларға шектеу қойылған. Бірақ, бұл бейресми отшашулардың түні атылуына кедергі келтірмейді. Дегенмен оларды тамашалау үшін Карл көпірінің жанында немесе Летна саябағы сияқты биік жерде болуыңыз керек.


Багам аралдары

Рождестводан кейін Багам аралдарында джанкану өтеді — бұл карнавалға ұқсайтын, түрлі-түсті костюмдер, күрделі маскалар және ритакты музыкаға билейтін мереке (ешкі терісінен жасалған барабандар, қоңыраулар, мүйіздер мен ысқырықтар қолданылады). Жарыс жылдың осы уақытында, бокс күні және жаңа жылда екі рет өткізіледі. Шерулер әдетте түн ортасынан кейін басталып, таңға дейін жалғасады. Егер сіз осы дәстүр туралы көбірек білгіңіз келсе, багамдық Джанкану мұражайына немесе Нассаудағы Дүниежүзілік Джанкану мұражайы мен өнер орталығына барыңыз.


Тайбэй

Тайваньдағы жылдың басты оқиғасы, әрине Жаңа жыл. Бұл күні адамдар «Тайбэй 101» зәулім ғимаратының отшашуын тамашалауға және бүкіл Азияның поп-жұлдыздары қатысатын бірнеше сағаттық концертті тамашалауға болатын ең жақсы орындарды алу үшін Тайбэй мэриясының ғимаратына ерте келуге тырысады. Ашық отшашуларды піл тауындағы жаяу жүргіншілер жолынан көруге болады. Керемет көріністерді тамашалауға қолайлы тағы үш орын – Арыстан, Барыс және Жолбарыс деп аталатын «аң таулары».

Кейптаун

Виктория мен Альберт жағалауында жаңа жыл қарсаңында отшашу атылып, жанды музыка ойналатын мерекелер өтеді. Әсіресе Time Out Market Cape Town деп аталатын мейрамхана жаңа жылдық кеш өткізілетін кешен болып саналады. Ал, 2 қаңтар күні голландиялық құлдықтағы жұмысшылар еркіндік алған күнді тойлау үшін Марди Грас шеруі өткізіледі.


Нью-Йорк

Егер сіз Таймс-сквердегі мерекелік дүрбелеңнен аулақ болғыңыз келсе, бірнеше таңдау болады. Мәселен, қала бойынша отшашуларды орталық саябақтан, Бруклиндегі Grand Army Plaza және Бостандық мүсінінен. «Леди Либерти» үстіндегі отшашу шоуын Нью-Йорк пен Нью-Джерси жағалауларының бойында орналасқан нүктелерден де тамашалауға болады, бірақ ең жақсы орын — қайықта. Бірнеше нұсқа бар: аты аңызға айналған Circle Line круизі немесе 1920 жылдары салынған яхталардағы сәнді классикалық айлақ желісі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ШЕТ ЕЛДЕ ақша не құжатыңызды ҰРЛАТЫП алсаңыз...

2025 жылы ТУРИСТЕР үшін ЕҢ ҚАУІПСІЗ болатын 7 ЕЛ