​Әр елдің шайы басқа...

0
4 385

Қазақ — қай жерде де қазақ. Тіпті, жат жер, бөгде құрлықта жүрсек де, бір шыны шайды аңсаймыз. Әсіресе, шайқорлар. Бірақ, қазақтың дастарханындағыдай шайды өзге еш елден іше алмайсыз. Себебі, әр елдің шай ішу салтанаты мен атаулары сан алуан. Оған көз жеткізгіңіз келсе, қайсыбір елдің шайханасына бас сұғып, «бір шыны шай» деп тапсырыс беріп көріңіз.


​Әр елдің шайы басқа...

Бас ауырса, шаймен жазатын, шөлімізді шаймен басатын, тіпті, шіліңгір шілденің 40 градустық аптабынының табын 100 градустық шаймен қайтаратын халықпыз ғой. Қазақ — қай жерде де қазақ. Тіпті, жат жер, бөгде құрлықта жүрсек де, бір шыны шайды аңсаймыз. Әсіресе, шайқорлар. Бірақ, қазақтың дастарханындағыдай шайды өзге еш елден іше алмайсыз. Себебі, әр елдің шай ішу салтанаты мен атаулары сан алуан. Оған көз жеткізгіңіз келсе, қайсыбір елдің шайханасына бас сұғып, «бір шыны шай» деп тапсырыс беріп көріңіз.

Қызық, алдыңызға қандай шай келуі мүмкін? Суреттер сөйлесін.

Жапон шайы — «матча» деп аталады. Оны жоғары сапалы көк шай жапырақтарынан демдейді. Көк шай — қазақтың да сүйікті сусындарының бірі. Тек, жапон шайының жасыл түсін аздап жатырқауыңыз мүмкін.

Катар шайын бір көргеннен ұнатуыңыз мүмкін. Себебі — сүт қатқан қою күрең шай тартады алдыңызға. Тәтті дәмін де құрақ қантымен қалауыңызша келтіріп береді. Алайда, ол шай біз үшін тым өткір болуы мүмкін. Себебі, катарлықтардың демдеген шайы кемінде екі не үш рет қайнаудан өтеді. Тіпті, оған сүт пен қант қосқан соң да бір қайнатып алады.

Түркияда шайды оңай табасыз, алайда, сізге үйреншікті кесе табу оңайға түспесі анық. Себебі, түрік халқы шайды кішкентай шыны ыдыспен ұсынады.

Гонконгтан сүт қатқан күрең шайды табуыңыз мүмкін, бірақ оны ерін күйдіріп тұрып рахаттана сораптай алмайсыз. Сіміріп саласыз, болды. Себебі, ондағылар шайды салқын күйде ұсынады. Тіпті, ішінде мұз кесектері жүрсе, таң қалмаңыз.

Тайваньдықтар шайды ыстықтай да, салқын түрінде де іше береді. Себебі, олар үшін шай температурасы маңызды емес, маңыздысы — онымен бірге берілетін тапиока крахмалды түйіршіктері.

АҚШ-та шайға тапсырыс берсеңіз, қант пен лимон қосқан қара шай келеді алдыңызға. Рахаттана ішіп аласыз. Тек оған ас содасы қосылғанын алдын ала білмесеңіз ғана...

Шай өндірісі жөнінен алдыңғы орында тұрған елдердің бірі — Пәкістанға жол түссе, нағыз пәкістандық шайдың дәмін міндетті түрде татып көріңіз. Алайда, қазақтың демдеген шайымен салыстыра көрмеңіз. Өйткені, пәкістандықтар «масала» шайын түрлі дәмдеуіштер мен сары май салып әзірлейді.

Тайланд халқы шайды жергілікті жердің түрлі шөптерінен дайындайды. Қай түрінен демделсе де, сусынға сут қатады және міндетті түрде мұз салады.

Моңғолия тұрғындары сүт қатқан шайды металл кастрюльде қайнатады. Бір қызығы, оған қант орнына тұз қосады.


Малайзия дәмханаларында тамақтансаңыз, сусын ретінде шайға тапсырыс беруге асықпаңыз. Оны ең соңына қалдырыңыз. Себебі, малайлар көбіктенген қант қосқан сүт шайды тоқбасар ретінде салқын күйде ішеді.

Мінеки, төрткүл дүниенің төрт бұрышын шарлаған шайқорлар аталған сусынның осындай түрлерімен танысады. Біздің халқымыз шайдан қысылмайтын бір ғана ел бар, ол — Ұлыбритания. Себебі, ондағы халық та қою қара шайға сүт қатып, тәттілермен дәмін келтіріп ішкенді жақсы көреді.

Дайындаған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Суреттер adme.ru сайтынан алынды