Орамды ойларды оқыңыз.
Көптеген адам саяхат туралы ойлағанда алдымен ел-жер көрумен ғана шектеледі. Бірақ, саяхаттың адамға шабыт сыйлап, ынтасына ынта қосатынын кештеу түсініп жатады. Сондықтан бүгін осы тақырыпты қозғағанды жөн санадық. Саяхат қалай шабыттандырады және қалай ынталандырады? Ақпарат әлеміндегі орамды, ойға ой қосатын пікірлерді оқыңыз.
«Біздің ең маңызды ресурсымыз кім? Әрине, өзіміз. Дегенмен әр адам ішкі қуатын әр түрлі жолмен толықтырады. Біреу спорт арқылы, біреу достар мен пікірлестер арқылы, біреу релаксация мен медитация арқылы дегендей... Бірақ саяхат ынталандырмайтын немесе шабыттандырмайтын адамдар аз шығар. Себебі, бұрын көрмеген жерлерге сапар шеккенде біз жаңа орындарды тамашалап қана қоймай, жергілікті вайбты да сезінеміз, кейде энергия сыйлайтын ерекше орындарға барамыз, көптеген «терең» адамдармен кездесеміз, миымызды жаңа ақпаратпен толтырамыз».
Біздің өмірімізге мүмкіндіктер тек 2 дереккөз арқылы келетіні белгілі: адамдар арқылы және жағдайлар арқылы. Соның ішінде болмыстың идеалды формуласы – армандау немесе мақсат қою және әрекет ету. Осы ретте көптеген адам үшін саяхат – бұл сөзсіз ресурс және өздеріне жұмсалған инвестиция. Көбінесе адамдар саяхатты тек энергия деңгейінде қабылдайды. Өйткені саяхаттап жүрген адам әртүрлі сезімдерге бөленгенімен ішкі күшін толық сезе қоймайды. Алайда саяхаттан кейін, әсіресе теңіз жағалауында өткен сәтті сапардан соң өздерінің ішкі қуаты толысып, өмірігі жақсы жаққа қарай бұрылғанын түсіне бастайды. Әлбетте, өмірде тепе-теңдікті сақтау жақсы, бірақ мидағы шекараны бұзып шығудыңда өзіндік пайдалары бар. Өйткені, біз бірқалыпты тіршілікте айналамыздағы адамдарға тәуелді болып қаламыз. Мысалы кейбіреулерін көргеннен кейін шабыттанып, жаңа жобалар жасасақ, енді біреулері құлдыратып жібереді».
«Әлем әдебиетінде мынадай керемет сөз тіркесі бар: «ақша — сіріңке, мақсат — жандырғыш». Дәл осы сөз саяхатқа сәйкес келеді. Себебі саяхатқа қаржы жинап, оны күту мен жоспарлаудың өзі адамды қуаттайды және шабыттандырады. Қандай да бір жерге сапар шеккенде орындайтын ойларыңыз да өміріңізге серпін сыйлайды».
«Саяхатты күту – иә, бұл да маңыздылығы жоғары ресурс. Алдымен біз барлық істі басымызда жасаймыз, содан кейін мүмкіндік болса, бәрін жүзеге асырамыз. Сондықтан өзіңе салынған инвестиция – біздің заманымыздағы ең маңызды инвестиция. Ал өмір сәттер және әсерлермен есептеледі».
«Жан-дүниеңіздің шынайы тілектерін білу үшін өзіңізден «Мен қазір өзімнен нені аяп қалып жатырмын?» деп сұраңыз. Егер сіз толқынның биігінде болғыңыз келсе, жаңа жобалар жасаңыз және бірінші орында болыңыз, тәуір жоспардан бас тартпай, өзіңізге инвестиция салыңыз».
Сондай-ақ, белсенді демалыстан кейін сіз:
1. Әлемді шезлонгтан ғана танымай, толық өмір сүрудің не екенін түсінесіз
Тауда серуендеу, шаңғы тебу немесе сноуборд тебу болсын – сіз өмір деп аталатын шытырман оқиғаға қатысасыз. Сіз үшін өзіңізді, шаршауды, жалқаулықты және қорқынышты жеңуге, ақыр соңында шыңға жетуге, тау шыңын бағындыруға немесе жаяу серуендеу рекордын жаңартуға тура келеді. Мұндай демалыс өзіңізді жеңуге мүмкіндік береді және бұл одан да үлкен жетістіктерге жетудің сенімді жолы.
2. Сіз басқа елдің мәдениеті мен өмірін білесіз
Түркиядағы немесе Египеттегі пакеттік демалыс итальяндық тағамдардан бастап американдық вискиге дейінгінің барлығын қамтыса да, мұндай сапарда жергілікті халықтың шынайы өміріне ену қиын болады. Ал белсенді демалыс кезінде сізде кез келген елдің мәдениетіне енуге тамаша мүмкіндік болады: жергілікті тұрғындар баратын нысандарға бару, ұлттық тағамдардан дәм тату, тұрғындармен араласу және елдің ішін көру.
3. Үлкен энергияны сезінесіз
Күн сайын «жаңа күн маған белгісіз жаңалық әкеледі» деген оймен ояну әлдеқайда жағымды. Мысалы, бүгін сіз Валь Торанс тау шаңғысы курортының бірнеше шақырымдық беткейлерін күні бойы игерсеңіз, ал ертең парапланмен ұшып бара жатқанда құстар ұшатын биіктіктен Альпі кеңістігін тамашалайсыз. Сонда бойыңыздағы жаңа нәрсені ашуға деген ұмтылыс өлмегенін еске аласыз. Шытырман оқиғаларға куә болып, «үй-жұмыс-ақша-үй» сценарийі сізге арналмағанын ұғынасыз.
4. Пікірлес адамдармен танысасыз
Қарым-қатынас баға жетпес тәжірибе. Әсіресе, жігерлі және белсенді адамдармен таныссаңыз. Тағы қаншама бағынбаған шыңдар, зерттелмеген теңіздер мен жағалаулар бар екенін білгенде, таңдануыңызда шек болмайды.
5. Ең бастысы – сіз өз жұмысыңызды бағалайсыз және бірнеше айдан кейін қайтадан жаңа сапарға шығу үшін жұмыс орнына ерекше талпыныспен ораласыз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
ЕШҚАШАН БАРА АЛМАЙСЫЗ! Әлемдегі баруға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер